Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады. Сонымен қатар мерекенің символы саналатын шыршалардың қай аудандарда болатынын айтты.
Ең басты шырша облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасса, тағы екеуі Гагарин саябағы мен Естай көшесінен төмен түсетін жағалауда орналаспақ. Жалпы қаланы жаңа жылдық безендіру 24 миллион теңгені құрайды.
Сонымен қатар 3 жаңа жылдық шыршаны орнату жоспарланған. Орталық алаңға орнатылатын биіктігі 35 метрді құрайтын басты шырша және қаланың басқа да шағын аудандарында орнатылатын биіктігі 15 метрден болатын екі шырша. Оған бөлінген қаражат 12 миллион 271 мың теңге қаражат.
Жаңа жылдық безендіру бойынша 575 элементті монтаждау қарастырылған. Бұл — саябақтарды, жағалауды, түрлі ғимараттарды, ескерткіштерді әсемдеу. Айта кету керек, жаңа жылдық дизайнның барлық керек-жарағы өткен жылдан қалған.