Male hands are keeping bank cards. Gold coins from one card are moving to another card. Money transfer. Business concept
2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға 504,1 млрд теңге аударылған, оның 263 млрд теңгесі – Ресейден, деп хабарлады Ulysmedia.kz Бірінші кредиттік бюроның талдау орталығына сілтеме жасап.
2022 жылдың тоғыз айында республикаға ақша аударымдары жүйелері арқылы барлығы 504,1 млрд теңге аударылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 77,8% — ға артық,
делінген ақша аударымдары бойынша шолуда.
Сарапшылардың пікірінше, басты себеп – Ресейден аударымдардың көбеюі. 2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға бұл елден 263 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 есе көп. Ең көп аударымдар маусым айында жасалған – 66,9 млрд теңге, 2021 жылмен салыстырғанда 26%-ға көп.
Құжатқа сәйкес, аударымдардың өсуі наурыз айында басталды. Сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия және Тәжікстаннан аударымдар бойынша тарихи максимумдар жаңартылды.
2022 жылдың II тоқсанында рубльдегі ішкі аударымдардың сомасы күрт өсті, мұндай жағдай бұрын болмаған. Сонымен қатар, бұл жағдайда аударымдардың орташа мөлшері бір транзакцияның орташа мөлшерінен бірнеше есе асып түсті. Төлем жүйелерінің негізгі бенефициары ресейлік «Золотая корона» болды. Оның Қазақстанға жіберілген аударымдардың жалпы көлеміндегі үлесі бір жыл ішінде 54,9%-дан 71,5%-ға дейін өсті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…