Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ал сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні.
21 сәуір — Ораза айт мерекесі.
Сондай-ақ биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
Басқа қалаларға арналған Ораза кестесін мына жерден білуге болады.
