Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Биылдан бастап теңгенің өз өмірі, рубльдің өз өмірі бар — сарапшы
Экономика

Биылдан бастап теңгенің өз өмірі, рубльдің өз өмірі бар — сарапшы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 02.03.2023
Обновлено 02.03.2023 в 03:03
Поделиться
Поделиться

Экономист Айбар Олжаев 2023 жыл – рубльдің тұрақтылығының соңғы жылы болуы тиіс деп есептейді. Себебі, Ресей ақшасының болашағын модельдеу оның 2024-2025 жылы девальвацияға ұшырайтынын көрсетіп отыр.

Мазмұны
Ресей экономикасы сөзсіз әлсірейдіТабиғи және адами ресурс бойынша да Ресейдің халі мүшкілҚазақстанға не істеген дұрыс?Рубльдің құлдырауы теңге бағамына әсер ете ала ма?

Ресей экономикасы сөзсіз әлсірейді

«Ингосстрах-Инвестмент» 2024 жылға қарай бір доллардың құны 100 рубльден асады, ал 2025 жылы доллар 200 рубль тұратын болады деп болжайды. Ресейде осы «Ингосстрах» валюталық моделі басқаларға қарағанда анағұрлым дәлірек жұмыс істейді деп айтар едім, себебі олар 2014 жылдың аяғындағы рубльдің құнсыздануын да, 2022 жылғы оның кенеттен күшеюін де алдын-ала білген болатын,

деп жазды ол.

Олжаевтың айтуынша, рубль құлдырауы мен Ресей экономикасының айтарлықтай әлсірейтінін нақты факторларға сүйеніп, сезіне аламыз. 2022 жылдың қортындысы бойынша Ресей бюджетінің табысы 35 пайызға төмендеген, ал шығыны керісінше 59 пайызға артқан. Ал биылғы бір айдағы бюджет дефициті 2 триллион рубльді құрап отыр. Бұл қазіргі курспен 11,5 триллион теңге.

Сонда Ресейдің бір айдағы дефициті біздің бір жылдық бюджет дефицитінен 3 есе көп. Біздің жылдық дефицит 4 триллион теңге немесе 692 миллиард рубль деп бағаланады. Ресей осы дефицитті жабуды ірі бизнестің мойнына ілмек. Кәсіпорындар салықтан бөлек қомақты соманы бюджетке беруге міндеттелетін болады. Бұл бизнестің болашақ инвестицияға деген қаржысының жоғалып, өндірістің және іскерлік белсенділіктің біржолата құлдырайтынын білдіреді,

дейді ол.

Табиғи және адами ресурс бойынша да Ресейдің халі мүшкіл

Сондай-ақ Олжаев табиғи ресурс бойынша да едәуір құлдырау байқалатынын айтты. Халықаралық энергетикалық агенттік есебіне сай, қаңтарда Ресейдің мұнай мен газдан түскен кірісі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 40 пайызға құлдыраған.

Яғни, Ресей бір айда 18,5 миллиард доллар ғана экспорттық кіріс алды. Бұған дейін Ресей мұнай-газдан айына 40 миллиард доллар тауып келген еді. Және табыстың азаюы 18 миллиардпен тоқтамайды дейді, сарапшылар. Ол айына 10 миллиард долларға дейін құлайды деп күтілуде,

деп жазды Айбар Олжаев.

Сондай-ақ, Ресей адами ресурстар бойынша да үлкен дефолтқа ұшырап отыр. Ресейдегі халық саны биыл 1 миллион адамға кемиді. Ал 2024 жылы тағы 1,4 миллион адамға азаяды. Демек, жыл сайын оларда Саратов, Волгоград сынды қалалардың халқы жоғалып кетуде. Мысалы, Ресейде биыл 800 мың бала туылады деп күтілсе, Қазақстанда 400 мың бала өмірге келеді деп болжанып отыр. Біз Ресейден 7,5 есе кіші болсақ та, олардан екі есе ғана аз бала туамыз.

Қазақстанға не істеген дұрыс?

Олжаевтың пікірінше, халыққа рубльдің барлығынан құтылу қажет. Және бір қызығы, халқымыз бұл тапсырманы орындап қойды.

Ұлттық Банк мәліметі бойынша өткен қаңтар айында адамдар валюта айырбастау пункттерінде рубльді көбірек сатқан. Ал рубльді сатып алу мүлдем тоқтаған. Осы теріс айырмашылық 7,3 миллиард теңгені көрсетіп отыр,

дейді Олжаев.

Рубль құлдыраса және Ресейден азық-түлік импорты арзандап, бізге келетін легі көбейсе, онда біздің инфляцияны дереу жеңіп кетуге мүмкіндік бар, деп есептейді ол.

Менің ойымша Ресейдің азық-түліктік импортына еш шектеу қоймау керек және өмір бойы жылай беретін, субсидия, масылдыққа үйреніп қалған кейбір отандық аграрийлердің «Ресей тағамдарына тиым салайық» деген жалаң ұрандарына құлақ асудың қажеті жоқ. Рубль құлаған уақыттан бастап түрлі қауымдастық, одақтар (сүт одағы, ет одағы, май дақылдары одағы, астық одағы тб) импортты шектеу бойынша Үкіметке шантаж жасай бастайтын болады,

деп есептейді экономист.

Рубльдің құлдырауы теңге бағамына әсер ете ала ма?

Экономистің айтуынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында теңге мен рубль арасындағы паритетті байланыстың үзілу процессі толық аяқталды деуге болады. Биылдан бастап теңгенің өз өмірі бар, рубльдің өз өмірі бар. Теңге енді мұнай бағасына көбірек байланған. Және Қытайдан келетін импульстерге де сезімтал бола түсті.

Ресейдегі экономикалық құбылыстар бізге әсер етпейді деп айтуға болмайды. Бірақ Қазақстан алды-артын жақсы болжай алатын ақылды мемлекет. Рубль каналын әлсірету, рубльдің біздің қаржы жүйесіндегі массасын азайту, Ресей импортын 41 пайыздан 35 пайызға дейін түсіру, импорттық-экспорттық бағыттардың диверсификациясы – осының барлығын еліміз 2022 жылы тыныш, үндемей ғана жасап қойған болатын. Сондықтан, бізде дауыл болмаса, ол дауыл жоқ деген сөз емес. Біздің Үкімет дауылға дайын болып, мәселені кеше шешіп қойғандықтан сіз бен біз ештеңе сезбейтін боламыз,

деп жағымды болжаммен қорытындылады Айбар Олжаев.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 02.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?