Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Біз, қазақ, диджитал боданбыз
ҒылымҚоғам

Біз, қазақ, диджитал боданбыз

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 29.03.2023
Обновлено 29.03.2023 в 03:03
Поделиться
Поделиться

Технология – барлық деңгейдегі процесті демократияландырады. Кім технологияның басында жүрсе, сол жемісін бірінші көреді. Кім соңында жүрсе, қалған-құтқанды ғана көреді.

Кім технологияға мұрнын шүйірсе, сол қыста қар жамылып, жазда күнге қақталып жұмыс істеп, итке сүйек лақтырғандай айлық алып, ақыр соңында технологияның қарқынына ілесе алмай жұмыссыз қалып, митиңгілетуге мәжбүр болады. Билік азын-аулақ өтірік жұмыс тауып беріп, 5-6 ай аузын жабуға тырысады. Сосын баяғы жартас сол жартас, тағы да жұмыссыздық, тағы да жалақының жыры басталады, дейді IT ағартушы, ҚР журналистер одағының мүшесі Тимур Бектұр.

Одан да жаманы, технологияның басы-қасында жүрген адамның (мемлекеттің, компанияның) ережесіне мойынсұнуға тура келеді. Ал ол – диджитал бодандыққа әкеледі.

Біздің билік аса мойындай қоймайды, алайда Қазақстан халқының 85%-ы қолданатын Инстаграм желісі Қазақстандық шағын бизнеске, яғни ауыл-қала қазағына нан тауып беріп тұр.

Рас, Қазақстан Фейсбукке жарнама үшін млрд-тар жұмсап жатыр. Тек қана Фейсбукке!

Қазақтың бұтартары Яндекс Такси – шетелдікі. Қазақ таксисі ресейлік компанияға жұмыс істейді. Ал орыстың 1С Бухгалтериясы бүкіл қазақтың ақшасын есептеп отыр. Айта берсе, тізім таусылмайды.

Халық өзінің мұң-мұқтажын тек әлеуметтік желіде ғана жеткізе алады.

Ал ресми құралдардың: сайт, телефон, пошта, жеке қабылдау, шағым жәшігі, т.с.с. жұмыс істемейді. Өйткені, шенеуніктердің өзі барлық шаруасын тастап күні-түні баққан-қаққаны әлеуметтік желі болып отыр.

Қазір енді web3 әлемі нық еніп келеді. Жасанды интеллект соңғы 10-20 жылда өте қарқынды дамып, қазір алғашқы жемісін көрсете бастады. Ертең, қазақ соны қолдану үшін бір компанияға ақша төлейді. Мәселен, біз қазір Майкрософт компаниясына айына $20 төлеп отырмыз. Ал оны қолданбасаң, оны қолданатын елден артта қап қоясың.

Web3 дедім ғой. Оның бір көрінісі – блокчейн технологиясы. Ал блокчейн технологиясының ең кең тараған қолданысы – криптовалюта.

Қазақ білмейді. Білсе де түсінбейді. Қазақ ұлттық банк қазір диджитал теңге, яғни криптотеңге жасап жатыр. Алғашқы сатыларынан өтіп кетті. Оның алғышарттарын жасау, алғашқы әріптестер тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертең, барлығы мақұлданып, Президент тарапынан қол қойылып, “Ал, қазақтар, енді осыны қолданасыңдар!” деп айтқанда бір-ақ оянады.

Менің шырылдайтыным, осы процестің барлығына қазақ қатысуы керек! Қатыстырылуы керек! Әйтпесе, барлық нормативтік актілер қабылданып, тиісті органдар бекітіп, процесс басталып кеткенде “Мәәә, біз мұны білмей қалдық қой? Халықтан сұрамайды ма сонда?” деген әңгіме басталады.

Технология – ол сіз көрген 90-шы жылдардағы тамагочи емес. Ол ендігі адамзаттың тынысы, ішіп-жемі, жүріп-тұрысы, құқы, өміріне айналды. Ал оған “Мен айтишник емеспін…” деп сырғи салу – өміріңді, болашағыңды, бала-шағаңды соны жасап жатқан адамдардың апанына апарып лақтыра салу боп саналады.

Мәселен, жаңа айттым ғой, біздің елде диджитал теңге деген криптовалюта жасалып жатыр. Соған мынадай вакансия жарияланып отыр. Оған қазақ бара ма? Жоқ, бармайды. Өйткені, ол әлдебір басы айналған әйелдің реинкарнация туралы әңгімесін талқылап отыр. Сол мезетте әлдебір адам осындай маңызды жұмыстардың басы-қасында жүрмек:

We are looking for #productowner for one of the most exciting projects in our portfolio (in #crypto domain).

We will be working together on creating conceptually new solutions to bridge #TradFi with #DLT (including #CeFi and #DeFi). We will collaborate with world’s leading institutions including Bank for International Settlements – BIS, International Monetary Fund , Swift and many others from traditional finance. From #DLT world, we’ll cooperate with Binance , Tether.to , Ethereum Foundation and others.

🚀Real chance to #pioneer development of working solutions in this space.

#Relocation to Almaty is mandatory. No formal requirements, relevant background in #payments and #DLT is expected.

Reach me out via zhalenov.b@kisc.kz with:

— your #CV;

— #coverletter with your thoughts on 1) how to structure #cryptofiat infrastructure; 2) at least 1 use-case of #digitaltenge application in #tokenized economy.

Сонда, ХХІ ғасырға сүйретіліп жеткен қазақ, енді ХХІІ ғасырға да қиралаңдап баруы керек пе?

Меніңше, жоқ!

Қазақтар, ояныңыздар. Әлем көшіне ілесіңіздер!

Ол үшін не істеу керек?

Ол үшін ІТ сауатты болу керек. Диджитал сауатты болу керек. Процеске араласу керек. Ішінде қайнау керек,

дейді пост авторы.
ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Арман Ерғалиев 29.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?