2018-2019 жылдары ауылдарда болмаса, қалаларда интернет деген өте жақсы жұмыс істеді. Бір тарифтен шығып, бір тарифке кіріп, таңдаудан бас айналатын.
Арзан, жақсы ұстайды, мегабайттарың бес жүз мыңдап сақталады.
Әр мобильді байланысқа бір-бір чип алып, нөмір ұнамаса, лақтыра салып, басқасын алып, тіпті, 2-3 телефон ұстап, қалаған киномызды, танымдық дүниелерді, ақпапаттарды, концерттерді, клиптерді, шоуларды күндіз-түні интернеттен көріп,
әбден «крутой» болыппыз…
Қазір, Мусин бала келгелі интернет нөл болды. Ауыл түгілі, Алматыда дұрыс ұстамайды.
Қоржында жиналатын бес жүз мың мегабайттар туралы айтпай-ақ та, армандамай-ақ та қояйық.
Үш күн сайын «мегабайтың бітті» деп қылқылдап, хабарлама келіп тұрады…
«о, шүмөлөөк» дейсің еріксіз…
Сәуле Әбілдаханқызы.