Биткоин деген криптовалютаға онлайн 80 миллион теңге салып алаяқтарға алданып қалған қазақтың оқиғасы бұл.
Сондай қолы ашық жомарт азамат болғаны ғой,
деп жазды Құрал Сейтханұлы.
Әрине бірден 80 миллион теңгені лақ еткізіп сала салмаған. Алғашқы кезде күн сайын 300-400 доллар ұтып оны қолма-қол шешіп алып жүрген. Бір күні платформа иелері: «Бүгін крупный сделка болады» деп оған есепшотқа бірнеше млн теңгесін салдырған. Содан ол жігіттің есепшоттағы қаражаты 20 млн теңгеден асып түседі. Соны шешу үшін тағы да қаражат сал деген. Ол аңқау бірнеше техникасын және кәсібін сатып бар ақшасын жаңағы платформаға салып сол күйі ақшасын қайтара алмай қалған.
Қазіргі уақытта біздің аңқау баламызда техника да, кәсіп те жоқ енді.
Эфирге шығып осыны айт, алдағы уақытта өзің сияқты басқа азаматтарға сабақ болсын» десем:
«Ауылдастарым мен достарым табалайды» деп ұялып отыр.
Бізде осындай алаяқтыққа құрылған платформалар мен сайттарды қадағалайтын орган жоқ па? Неге бұның алдын алмайды?