«Қылмыскер» адамдардардың тасы өрге домалайды. Қазақ қоғамындағы келеңсіз құбылыстарға қатысты журналист, ғалым Есенгүл Кәпқызы әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Біздің қоғамда қылмыс марапатталады,
деп жазды журналист.
Бізде қылмыс жасаған адамның тасы өрге домалайды. Қызметі өседі. Сөйтіп, қылмысты заңдастырамыз. Анау-мынау қылмысты жасай бер, тек танымал болсаң болды. Танымалдылығың сені құтқарады…
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз жемқорлықпен істі болғанда бәріміз ара тұрдық, «ол халықтың еркесі де, серкесі жесе не бопты?» дедік.
Сосын Ерлан Біләл өз қылмысын мойындаса да, оның атақтарына тиіспедік, құдай-ау, біраз уақыттан кейін Абайдың рөлін сомдап, бізге ақыл айтқысы келді.
Ал ҰБТ-да қызының жалған құжат пайдалануына жол берген Тұрсынбек Қабатов та марапатталыпты, елдің басты телеарналарының бірі «Хабардың» креативті продюсері болыпты.
Біздің қоғам сондай. Моральды жиып қойғанбыз,
депті журналист.