Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Біздің ой-санамызды басқаратын кім?
ҒылымРуханият

Біздің ой-санамызды басқаратын кім?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 12.04.2023
Обновлено 12.04.2023 в 09:04
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Конспирологиялық теориялар әлемді түсінгісі келетін адамдарға ғана арналмаған. Бұл – ақыл мен түйсікке айла жасауға арналған қитұрқы құрал. Сарапшылар аталған теорияның қалай жұмыс істейтінін, кімдерге пайдалы екенін жіліктеп талдап берді.

Мәселен, соңғы кездері мессендждерде маңдайында штрих-коды бар мына бір баланың суреті тарады. «Сіз дүниеге келген бойда сізге ат қояды, дініңізді, ұлтыңыз бен нәсіліңізді анықтайды. Сіз өміріңіздің қалған бөлігін жалған тұлғаңызды қорғаумен өткізесіз», — деген жазу бар суретте.

Астарына үңілсек, автор бұл өмірдің, қоғамдық құндылықтардың тар шеңберге шырмалғанын айтып отырғандай. Дін, діл, сенім, салт-дәстүр барлығы адам өміріне түбегейлі әсер ететінін айтқысы келген секілді.

Философия жоқ

Алматы православиелік рухани семинариясы ректорының орынбасары Артем Соловьев «өмірдің жалғандығын түсінген адам күйзеліске оңай түсетінін» айтады.

AP

«Өзіңіз ойлап көріңізші, осындай нәрсе жазатын адамдар оқырманнан не қалайды? Олардың мақсаты сол – өмірдің жалғандығын сезіну күйзеліске түсірсе екен дейді, тіпті, кейбір адамдар бұдан кейін өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Бұл сурет ешқандай да теория емес, бұл – жай ғана буллинг», — дейді Артем.

Сондай-ақ сарапшы бұндай ойлардың шынайы конструктивизм философиясына ешқандай қатысы жоқтығын айтады, өйткені, шынайы конструктивизм қоршаған ортаны құнсыздандырмайды, бейтарап қорытынды шығарады: ұлт, дін мен тіл табиғаттың бір бөлігі емес, ол – адамдар ойлап тапқан мәдениет. Бұл суретте конструктивизмге пародия жасалған. Оның ғылыми негізі жоқ, мақсатты түрде түсініктерді бұрмалайды. Бұл пікірдің сауатсыз құрылымын былай деп жалғастыруға болады: сіз дүниеге келген бойда басқа адамдар ойлап тапқан тілді, әлем туралы көзқарасты сізге береді. Сосын? Бұл да құрылым, бірақ, олардан бас тарту керек деген сөз емес, — дейді Артем Соловьев.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды

Таргет жарнамасының маманы Артур Балтабаевтың сөзінше, конспирологияның прагматикалық мақсаттары да бар. Әлеуметтік желіге әлдебір теорияны тарата отырып, қолданушылардың белсенділігін бақылайды, осылайша адамдарды өз мақсаттары үшін пайдаланады.

AP

Технология қанша қолданушы репост жасағанын, қаншасы лүпіл қойғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік адамдарды жарнамаланған идея қаншалықты дәрежеде қызықтырғанын дәлелдей алады. Демек бұл аудиторияға осындай тәсіл өтімді деген сөз, жынысын, жасын, тұрғылықты жерін, білім деңгейін шамалап анықтап, осындай тәсілмен ақпарат беруді жалғастырады. Соңында жалпы адамдар арасынан нақты бір топ іріктеледі, — дейді Артур Балтабаев.

Бұндай топ не үшін керек? Қызығушылықтары бойынша жарнама көрсету үшін қажет. Ал тереңдей түссек, бұндай топтар қоғамдық, тіпті, саяси қозғалыстар құру үшін қолданылуы мүмкін. Мысалы, бір адам қастандық теориясы бар жазбаға ұнату белгісін басты, оған пікір жазып, постты достарына жіберді делік. Көп өтпей оған осы теорияға арналған қауымдастыққа кіруге ұсыныс келеді. Ал қауымдастық арқылы ой-пікірді ашып айта бастайды, — дейді Артур Балтабаев.

Қызылталдың бір бұтағы абақтыға апаратын жол ма?

Бұндай оқиғалар жетерлік. Мысалы, пасха мерекесі алдындағы жексенбіде қызылтал бұтағын кесуге тыйым салынды деген ақпарат тарады. Естеріңізге салайық, Солтүстік Қазақстан облысында православиелік мереке қарсаңында «символикалық мәнге ие бұтақтарды кескен жағдайда 172 500 теңге айыппұл салынады» деген ақпар тарап, ол қызу пікірталас тудырған еді. Әлеуметтік желіде біраз адам бұл жаңалыққа қарсылықтарын танытты: кейбіреулер орманды түгел шауып жатса да, жазаланбайды, ал ескі салтқа сүйеніп, қызылталды кескен адам осынша көлемде айыппұл арқалай ма деген жұртшылық жергілікті биліктен жауап күтті. Ал СҚО әкімдігі айыппұл әр адам 10 килограмнан артық бұтақ кессе ғана салынатынын айтты, ал діни ұстанымы берік жандарға бірнеше тал кесуге рұқсат. Бірақ жаңалық бұл уақытта бүкіл желіге тарап, қазақстандық қана емес, ресейлік БАҚ беттерін шулатып жатқан еді. Кейбір тақырыптар алыстан мен мұндалап тұрды. «Қазақстанда әжелер қызылталдың бір бұтағы үшін түрмеге тоғытылуы мүмкін» деген тақырыптар пайда болды.

Бұл дегеніміз – конспирологияның нақ өзі. Адамдардың жанды жері болып саналатын діни наным-сеніміне тиіп, дискриминация, яғни, кемсіту бар екенін тұспалдап өткен. Өкінішке орай, адамдар ақпараттың рас-өтірігіне көздерін жеткізбестен инстаграм желісінен постты көріп, бірден ашуға беріліп, ақпаратқа сеніп, оны әрі қарай таратқан. Бұлайша не нәрсенің де отын тұтатуға болады, — дейді Артур Балтабаев.

Адамдар неге конспирологтарға сенеді?

Конспирология не үшін танымал десеңіз, оны жақтаушылар өз заманында мектепте сабақтан қашып жүргендер, деп есептейді саясаткер Замир Қаражанов. Оның сөзінше, адамдар кейде таңғажайып заттарға сенеді, ең ерекше теорияларды іліп алады, тіпті ол теорияны өздері де түсінбейді.   

AP

Алайда қастандық теориясында кейде ресми мемлекеттік үгіт-насихат жасырынып жатуы мүмкін. Адамдардың реніш, әділетсіздік, сезімдерін кемсіту секілді құндылықтарын жанай өтетін теориялар бар. Үгіт-насихат жұмыстары көрермен мен оқырман санасында конспирологиялық сурет орнатады: яғни, бүкіл жағымсыз оқиғаға біреу кінәлі іспетті сезім тудырады. Осылайша үгіт-насихат қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де тапсырмаларды шешеді. Адамдар сенеді, сөйтіп, болып жатқан оқиғаға басқа себеп табуға тырыспайды. Жалпы адамның миы жұмыс істегісі келмейді, ол шындықты қуып шығып, өз ақиқатымен өмір сүреді. Тек сыни қабылдау мен ақпаратты сүзгіден өткізу ғана көмектеседі, — дейді Замир Қаражанов.

Николай Иващенко, АПН

Аударған: Мейіргүл Оңғарова

ТЕГи: Руханият
Арман Ерғалиев 12.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

«Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты

02.08.2024
Қоғам

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені

19.06.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?