Бизнес-қауымдастық «қызыл аймаққа» енгізілуі мүмкін шектеулерге алаңдайды

Бизнес-қауымдастық карантин шаралары бизнеске үлкен соққы беруі мүмкін деп есептейді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП алаңында айтылды.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шаралардың ішінде Ashyq бағдарламасын қайта енгізу, бұқаралық шараларды 50%-ке дейін шектеу, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру және вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік қашықтық, маска тағу режимі және жедел тестілеуді қолдану бар.

Карантин шараларын талқылау кезінде бизнес-қауымдастық қатаң шектеу шараларын енгізу қалпына келе бастаған бизнеске үлкен соққы беретінін айтады.

Кәсіпкер мен жеке тұлға арасындағы жауапкершіліктің аражігі ажыратылып жазылғанын қалаймын. Соның ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу режимі бар. Келушілер маска режимін сақтамаған жағдайда шегі жоқ айыппұл салдарынан жабылған бизнестерді білеміз. Сондықтан жауапкершілікті нақты жазайық. Кәсіпкер бүкіл халық үшін жауап бере алмайды,

деді Бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығының президенті Марина Бошель.

Кәсіпкерлер карантин шаралары немесе локдаун болса, мемлекеттен қандай қаржылай көмек болатынын білгісі келеді.

Егер шектеу енгізілетін болса, салық төлеу жағын шешу керек. Өйткені шектеу басталысымен бизнес шығыны еселенеді. Тіпті маскалардың өзі — үлкен шығын. Ондай жағдайда салық төлеу мен тексеруге мораторий енгізуді қарастыру керек. Осы панедмия болған 3 жылда бизнесті әуре-сарсаңға түсіргені жасырын емес,

деді Марина Бошель.

Кәсіпкерлердің пікірінше, қатаң карантин шаралары басқа салаларға да қауіп төндіреді.

Ковид ұзақ уақытқа келді, ылғи бізбен бірге болады. Біз оған дайын болуымыз керек. Вирус салдарына дайындық – әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу режимі, көшеде дұрыс жүріп-тұру. Қалған шектеулер мүлдем заңсыз. Біз аяққа енді ғана тұра бастадық. Бизнеске қатысты ешқандай шектеу шаралары енгізілмеуге тиіс. Санитария жоспары ғана орынды. Бизнес енді қатаң шектеулерге төтеп бере алмайды,

деді туристік сала өкілі Инна Рей.

Талқылау кезінде Ashyq платформасын енгізудің қаншалық заңды екені де айтылды. Кәсіпкерлер бұл платформаның ақпараттық қауіпсіздік сертификаты жоқ екенін және өнеркәсіптік пайдалануға берілмегенін айтады. Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлердің алаңдаушылығын ҚР ДСМ санитария-эпидемиология бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сәуле Ахметова сейілтті.

Ashyq платформасы аруханалардағы төсек-орын қорының 50%-тен астамы толған кезде ғана қолданылады. Денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жетпей жатса, онда 2020 жылдағы жағдай қайталанса, Ashyq енгізіледі. Қазір Ashyq ақпараттық қауіпсіздік сынағынан өтіп жатыр. Бағдарлама жақын арада өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Ол жыл бойы тәжірибелік пайдаланудан өтті. Тәжірибелік пайдаланудан кейін ол өнеркәсіпке енгізіледі,

деп түсіндірді Сәуле Ахметова.

Сонымен қатар, ол қазіргі ұсынылған шаралар Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені ескере отырып, жаңа матрицаға негізделгенін түсіндірді. «Сары аймақта» шаралар ұсыну сипаттында болады. Ал қызыл аймақ кезінде қолданылатын шаралар былтырғымен салыстырғанда жұмсағырақ болады.

Кездесуде Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2021 жылдардағы шектеу шараларының қаншалық тиімді болғаны туралы ақпарат сұралды.

Бизнес пен азаматтық қоғамдастықтың осы шектеу шараларына алаңдайтынын түсінемін. Осы алаңдаушылықты жою үшін Денсаулық сақтау министрлігінен 2020-2021 жылдарға арналған шектеу шараларының тиімділігі туралы толық мәлімет беруді сұраймын. Бөлінген қаражат, вакцинация, барлық алдын алу шарасының қаншалық тиімді болғанын, ПТР-тестілеу, маска тағу режимінің, дәрілік заттар мен медицина бұйымдарын пайдалану тиімділігін талдауды халық көруі үшін бағалау мен талдауды жүргізу және осы ақпаратты ашық жариялау керек. Бағалау және талдау бойынша осы деректердің барлығы бизнеске, қоғамдастыққа ұсынылсын, талдансын. Содан кейін осы талдау мен бағалау негізінде бизнеспен бірлесіп талқылансын және сараланған пікір қабылдансын,

деп ұсынды «Қазақстанның мединдустриясы» отандық медицина бұйымдары, медициналық өнімдерді өндірушілер одағы басқарма төрағасы Серікбол Мұсинов.

Кеңес қорытындысы бойынша бизнестің барлық ұсынысы, қарсылығы мен қауіптері қызыл аймақ үшін карантин шараларын әзірлеу кезінде есепке алынуы үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago