Маймыл шешегінің өршуі — әлемге төнген жаңа қауіп

ДДСҰ маймыл шешегі ауруын Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп таныды. Маймыл шешегі ауру туралы қазірге дейін не белгілі?

23 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус маймыл шешегінің өршуін Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Ол аурудың таралуы Еуропа аймағында үлкен қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.

7 мамырдан, «маймыл шешегі» диагнозы бар пациентті эндемиялық емес ауданда (бұл ауру тән емес, Африка эндемиялық аймақ болып саналады) тіркеу туралы алғашқы өтініш түскен күннен бастап, ауру 74 елде 16,8 мыңнан астам адамнан анықталды.

Әлемде маймыл шешегінің таралуы

ДДСҰ мәліметінше, жұқтыру мүмкіндігі жоғары Еуропаны қоспағанда, бүкіл әлемде орташа қауіп тудырады. Маймыл шешегі таралуының онлайн статистикасына сүйенсек,

2022 жылғы 25 шілдедегі расталған жағдайлардың жалпы саны — 17 328 адам

Жұқтырудың ең көп жағдайы тіркелген елдердің ондығында Испания, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Бразилия, Канада, Португалия, Италия.

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі елде маймылдардың шешек ауруына байланысты төтенше жағдай режимін енгізуді қарастыруда, сонымен қатар Ақ үйде аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі үйлестірушіні тағайындауды жоспарлап отыр, деп жазады Washington Post.

Америка президентінің әкімшілігі бұл мәселені демалыс күндері АҚШ-тағы Денсаулық сақтау саласындағы жоғары лауазымды тұлғалармен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялағаннан кейін талқылады.

Ал көрші Ресейде Роспотребнадзор инфекцияны әкелу қаупін болдырмау және оның таралу мүмкіндігін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтындықтарын айтқан, эпидемияға қарсы қосымша шаралар қажет емес деп таныды.

Ресейде расталған аурудың алғашқы жағдайы 12 шілдеде тіркелді — бұл Еуропаға сапардан оралған жас жігіт. Содан бері елде маймыл шешегінің жаңа жағдайлары анықталған жоқ.

Маймыл шешегі қандай ауру?

ДДСҰ-ның 2018 жылғы мәліметтеріне сәйкес,

маймыл шешегі — бұл сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру, ол жануарлардан адамға жұғады.

Белгілері бұрын табиғи шешекпен ауыратын науқастарда байқалған белгілерге ұқсас, бірақ аса ауыр емес. Индекстік жағдайларда инфекция қанмен, биологиялық сұйықтықтармен, сондай-ақ жұқтырған жануарлардың зақымдалған терісімен немесе шырышты қабығымен тікелей байланыс нәтижесінде жұғады.

Бұл жағдайда адамнан адамға екінші реттік жұғу тыныс алу жолдарының инфекцияланған бөліністерімен, терінің зақымдалуымен тығыз байланыс нәтижесінде пайда болады. Инфекцияның жұғуы көбінесе ұзақ мерзімді жеке байланыс кезінде ауа тамшыларымен жүреді.

Маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі орташа есеппен 6-дан 16 күнге дейін, бірақ 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін. Инфекцияны екі кезеңге бөлуге болады:

  • инвазия кезеңі (0-5 күн), оған қызу көтерілу, қатты бас ауруы, лимфоденопатия (лимфа түйіндерінің ұлғаюы), арқаның ауырсынуы, миалгия (бұлшықет ауыруы) және қатты астения (әлсіздік) тән;
  • терідегі бөртпелер кезеңі (қызу пайда болғаннан кейін 1-3 күн), бөртпенің әртүрлі кезеңі болады, олар көбінесе алдымен бетте пайда болады, содан кейін дененің басқа бөліктеріне таралады. Көбіне олар бетте (95% жағдайда), сондай-ақ алақан мен табанда ( 75% жағдайда) пайда болады.

Маймыл шешегі — бұл әдетте өздігінен емделетін ауру, оның белгілері 14-тен 21 күнге дейін сақталады. Аурудың ауыр жағдайлары көбінесе балалар арасында кездеседі және вирустың әсер ету деңгейіне, науқастың денсаулығына және асқынулардың ауырлығына байланысты.

Маймыл шешегінің алдын-алу үшін табиғи шешек вакцинациясының тиімділігі бұрын 85%-ға жеткен. Бүкіл әлемде шешек ауруы толығымен жойылғаннан кейін, бұл вакцина әлемнің барлық елінде алынып тасталды. Бірақ 80-жылдардың басына дейін вакцинацияланғандар аурудан тиімді қорғалған.

Қазақстанда жағдай қалай?

Қазақстанда бүгінде маймыл шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелмегенімен, ведомство әлемде ауру жағдайларының саны тез өсіп келе жатқанын ескертті.

Алда жазғы демалыстар мен каникул келе жатқандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтардан бірнеше қарапайым, бірақ маңызды ұсынымдарды сақтауды сұрады:

  • маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (әсіресе жүкті әйелдерге, балаларға) барудан аулақ болу;
  • басқа адамның терісімен үйкелуге, оның ішінде аурудың белгілері бар кез-келген адаммен жыныстық қатынасқа түспеу (болдырмау);
  • шет елдерде болған кезде қолды үнемі жуып, маска кию;
  • жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) жақындаспау, адам көп жүретін орындарда және көшеде тамақтанбау. Тек мұқият термиялық өңделген тағамдарды жеу;
  • адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (маскалар, әлеуметтік қашықтық) сақтау;
  • егер үйге оралғаннан кейін үш апта ішінде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз: қызу көтерілу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бөртпе пайда болса, онда шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, дереу жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

6 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago