Categories: Шолу

Әблязовтың оралуы және Боқаевтың наразылығы. 2 тамыз

Мұхтар Әблязовті экстрадициялау мүмкіндігі, бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту және халықтың 490 миллионы… Әлеуметтік желі жаңалықтары.

Франциядағы босқындар ісі жөніндегі сот Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр. Бұл туралы EU Reporter басылымы хабарлады.  Бұл туралы еліміздің ірі БАҚ өкілдері жазды. Қашқын миллиардер Мұхтар Әблязов көп ұзамай Францияда саяси босқын ретінде қалуға рұқсат етілетінін немесе алаяқтық жасады деген айыппен экстрадицияланатынын біледі. Кейбір желі қоладушылары мұндай жаңалықты жалған деп санайды.

Осы уақытқа дейін тіркелмеген Namys партиясының жетекшісі Санжар Боқаев өткізген баспасөз мәслихаты да саясат жанашырларының наразына ілікті. Ол «утильсбор» -ға қарсылық шараларымен кеңінен танымал болған еді. Саясаткер партиялар туралы заң аясын кеңейтуді талап етеді. Оның пікірінше, қазіргі шектеу шаралары парламенттік емес саясаттың дамуына кедергі келтіреді. Жұртышылққа оның көзқарасына оң баға берді. Алайда Боқаевтің өзі мемлекеттік қызметтегі өткенімен халықтың сенімін жоғалтып үлгерген.

Экономика министрлігінің шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жоспары әртүрлі пікірталас тудырды. Көпшілік бұл шараны іскерлік белсенділікті ынталандыру деп қабылдаса, басқалары мораторий кесірінен кәсіпкерлер көптеген заң бұзушылықтарға дейін барды деп санайды.

Қазақстан тұтынушыларына жылу үшін артық төлеген 490 млн теңгеге жуық сома қайтарылады. Бұл жаңалық, әрине, халықтың көңілінен бірден шықты.

Рим Папасы Францисктің республикаға сапары туралы хабар әртүрлі пікірлерге ие болды. Либералды батысшылдар аудиториясы бұл оқиғаны Еуропамен жақындасудың символы ретінде қабылдаса, ал консервативтік және діни қоғам Қазақстандағы католиктердің аздығына тоқталып, оны мүлдем орынды емес деп санайды.

Ұлттық статистика бюросы мен стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің деректері негізінде жасалған инфляция мен азық-түлік бағасының өсуі туралы басылымдар теріс әрі пессимистік болжамдар тудырды.

Статистикалық деректер бойынша халық санының артуы туралы жаңалық та халықтың арасында кең таралды. Адам ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27 миллионға дейін жетеді. Комментаторлар бұл болжамды асыра сілтеу деп бағалады.

Әйгілі әнші Садраддиннің (Садраддин Болат) елордадағы концертіндегі жанкүйерлердің әрекеті (өткір сыни көзқараспен) кеңінен талқыланып жатыр. Сахнадан кетіп бара жатқан әртіске жақындамақ болған жанкүйерлер төбелеске дейін жеткен. Тыңдармандардың бұл әрекетін жабайы әрі қауіпті деген оқырмандар, басқа ұқсас жағдайларды да еске алды.

Қылмыстық жаңалықтар арасында кең талқыға түскен оқиғаның бірі — ҰҚК мен ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша бірлескен арнайы операциясы. Қылмыстық топ майнингті заңсыз өндірумен айналысқан. Бұдан бөлек халықтың қызығушылығын тудырғаны, олардың бағдарламалаушыны күштеп қорқыту арқылы ұйымның жұмысын ұйымдастыруға итермелегендері.

Халықаралық жаңалықтар арасында Сербия мен Косово арасындағы әскери қақтығыс қаупі мен АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Азияға сапары талқыға түсті. Бірінші жағдайда көпшілік Ресей ықпалын іздесе, екіншісінде көптеген қазақстандықтарды алаңдатып отырған қытайлық гегемонизм тақырыбы үрей тудырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago