Categories: Қоғам

Идиотизм. Абсурд. Досаевтыкі дұрыс па?

Алматыда Украинада соғыстан зардап шеккен балаларға көмек көрсету мақсатында Voice of Peace атты үлкен концерт ұйымдастырылған екен. Халық көп жиналғаны желідегі видео мен фотолардан көрініп тұр. Демек қайырымдылық қаржы да мол жиналған болар. Жақсы бастама.

«Бірақ, әдеттегідей, қайтадан бір құмалақ бір қарын майды шірітті», деп күйіне жазады желіде Мұхтар Түменбай.

Ол құмалағымыз – тағы да сол баяғы әкім Досаев.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша Алматы қалалық әкімдігі концертке Украина туларын алып кіруге рұқсат бермепті.

Жарайды, хош делік, өзге елдің туын қоғамдық орында желбіретуін бір нәрсе деп негіздеуге болар. Бірақ тәртіп сақшылары онымен де шектелмей, көрермендердің үстеріне киіп келген Украинаның ұлттық жейделері (вышиванка) мен Украиндық символикалар салынған футболкаларын шешуді талап еткен. Ол аз болғандай, жастарды бет жүздеріне бояп салған көк-сары түсті бояуларын да дәретханаға кіріп жуып тастауға мәжбүрлеген. Неткен идиотизм, неткен абсурд десеңші.
Бұл әлгі футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқанда өзге елдердің жанкүйерлеріне сол команданың футболкасын киюге әлде бетіне бояу жағуға тыйым салумен бірдей емес пе?
Немесе үйіңе келген қонағыңа «сен кет, давай, үстіңе көк костюм емес, қоңыр костюм киіп кел. Ал сен галстугыңды ауыстырмайынша дастарханға отырмайсың. Ал сенің әйелің помадасын сүртіп келсін, прическасы да ұнамайды маған» дегеннен қай жері артық? Не десеңіздер де, идиоттық шешім. Және ең күйдіретіні айдаладағы үшінші бір елден қорыққаннан, соған жалтақтағаннан туындаған шешім. Нәтижесінде тым жақсы бастаманы бүлдірді,

дейді пост авторы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago