Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері боксшы Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кірді.
Василий Левит Антикор қызметкерлерінің дене дайындығы басқармасының жетекшісі болып тағайындалды.
Енді боксшы құрылым қызметкерлерінің дене дайындығын арттыруға, құқық қорғау органдарында қызметті кеңінен насихаттауға жауапты,
деп жазылған ANTIKOR News телеграм каналында.
Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы тұңғыш Азияның үш дүркін чемпионы. Қазақстан (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2019, 2021), бокстан халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
Елдегі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежері «Барыс» орденімен марапатталған.
Айта кетейік, боксшы Қазақстан құрамасынан кеткен еді.