Болат Теміров небәрі 53 жаста еді.
Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясынан хабарлады.
Болат Бисенұлы – 1992 жылғы Олимпиаданың қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысқан. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚФБ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.
Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің бүкіл бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады,
делінген федерация таратқан хабарламада.