«Болашақ» бойынша тағылымдамадан өтуге қашан құжат өткізуге болады?

2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау басталады. Бұл туралы бағдарламаның баспасөз қызметі хабарлады.

Өтінімдер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Биыл тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.

2022 жылы тағылымдамадан өтуге қызметкерлердің мына санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мәдениет, туризм және спорт саласы қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтары,

делінген хабарламада.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған басым мамандықтар тізімінде 158 мамандық бар.

Айта кетейік, тағылымдамадан өтетін стипендиаттар кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсынса жеткілікті. Кейінгі 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматтары гарант бола алады,

делінген хабарламада.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлердің кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуға тиіс. Соның ішінде кейінгі 12 ай бойы таңдаған мамандық бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сонымен қатар тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шақыру, деңгейі кемінде В1 ҚАЗТЕСТ сертификатының болуы міндетті.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago