Categories: Білім

«Болашақ» стипендиясы иегерлеріне қатысты ережерлерге қандай өзгеріс енгізілді?

2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылды. Ол үшін степендия иегерінде шетелдік жоғары оқу орны, жұмыс беруші немесе ұйымның гранты болуы керек. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережелері жетілдірілді. Енді байқауға шетелдік университет немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар талапкерлер де қатыса алады. Мұндай стипендиаттардың жұмыс мерзімі қысқартылады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бес жылдан төрт жылға дейін, еліміздің басқа өңірлерінде үш жылдан екі жылға дейін,

деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Ол «Болашақ» стипендиаттың тұруына, тамақтануына, медициналық сақтандыруға, әуе жолына, визалық төлемдеріне, оқу материалдарын сатып алуға кететін шығындарын өтейтінін атап өтті. Бұл қазақстандықтардың мүмкіндіктерін арттырады, сонымен қатар бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін жетекші шетелдік ЖОО-да оқу гранты бар үміткерлер академиялық оқуға түскенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тегін ұсынуы қажет. Грант академиялық оқудың барлық кезеңін қамтуы керек.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago