Абрамович «Челси» ФК сатудан түскен 2,3 миллиард фунт стерлингті Украинаға бермекші

Ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің «Челси» футбол клубын сатудан түскен 2,3 миллиард фунт стерлингі (шамамен 2,8 миллиард доллар) Украинадағы соғыс құрбандарын қолдау қорына жіберіледі. Ұлыбритания үкіметі атаусыз қорға қаражат аударуға жақын, бірақ бұған дейін ол Еуропалық Одақтың мақұлдауына ие болуы керек, деп жазады The Telegraph газеті дереккөздерге сілтеме жасап.

Қаражат қорға бірнеше апта ішінде түсуі мүмкін екендігі нақтыланды. Сегіз ай бойы олар Абрамович мырзаның санкцияларға байланысты блокталған банктік шотында болды.

Үкіметтегі инсайдерлер жаңа қор жақында қайырымдылық комиссиясының мақұлдауына ие болады дейді. Алайда, олар да Еуропалық одақтың мақылдауына ие болуы керек екені түсінікті, өйткені онда да Абрамович санкцияға ұшыраған,

делінген The Telegraph материалында.

Роман Абрамович пен Ұлыбритания үкіметі арасындағы келісім бойынша қорды Unicef UK компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Майк Пенроуз басқарады. 2022 жылды ол Украинада өткізген, онда қордың жұмыс істеуі үшін құқықтық база құрумен айналысқан.

Роман Абрамовичтің Украинадағы соғыс құрбандарына көмек көрсету қорына команданы сатудан қаражат бөлетіні туралы ақпарат 2022 жылдың наурыз айының басынан бері белгілі. Мамыр айында ағылшын премьер-лигасы «Челсиді» америкалық кәсіпкер Тодд Белиге сатуды мақұлдады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago