Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Болат Назарбаев Алматыдағы зауыттың 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттелді
Қоғам

Болат Назарбаев Алматыдағы зауыттың 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттелді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 16.03.2023
Обновлено 16.03.2023 в 02:03
Поделиться
Поделиться

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаулы бойынша, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылы «АМЖЗ» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 пайызы көлеміндегі акцияларының мемлекеттік пакетін тендер жеңімпазы – «Темір Кон» ЖШС-не 105,3 миллион теңгеге сатқан. Сатып алу-сату шарты бойынша жаңа иеленуші зауыттың профилін сақтап, өнім көлемін ұлғайтуы керек еді.

2007 жылы «Темір Кон» ЖШС «АМЖЗ» АҚ акцияларының 86,78 пайызын, оның ішінде мемлекеттік үлесінің 31,9 пайызын Болат Назарбаевқа сатты. 2009 жылы «Фирма Баяу» ЖШС зауыттың материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлықсыз жағдайда, өндірістік көрсеткіштер төмендеп, мүлік кешені мен жер ыдырап жатыр, ғимараттар мен құрылыстар жалға немесе үшінші тұлғаларға сатылып жатыр деген қорытындыға келді, бұл -міндеттемелерді орындамау. 2009 жылы Болат Назарбаев келісімшарт бойынша ешқандай міндеттемелерді орындамай, PLS-TM ЖШС-нің басқа да акцияларымен бірге мемлекетке тиесілі үлесті сатқан.

Мемлекеттік акциялар пакетінің иесі бола отырып, Болат Назарбаев бірінші шарттың ерекше талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Болат Назарбаевтың зауыт қызметінің бейінін сақтау, өндіріс көлемін ұлғайту, PLS-ТМ ЖШС-мен шарт жасасқанда қауіпсіздік стандарттарын орындау жөніндегі міндеттемелері тоқтатылған жоқ. Болат Назарбаев даулы акцияларды жаңа сатып алушыға өз міндеттемелерін бермей иеліктен шығаруға құқылы емес еді,

делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, түрлі сот органдары бұл істі бірнеше рет қараған. 2011 жылғы ақпанда Комитет берген талап-арызды Алматы Әуезов ауданының №2 соты қанағаттандырды. Алматы қалалық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқалары бұл шешімді қолдаған. Алайда, 2012 жылы Жоғарғы Соттың сот алқасы шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберді. Бұл жолы Алматы Әуезов ауданының №2 аудандық соты Комитетке талапты қанағаттандырудан бас тартты. Шешімді Алматы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы растады. Алайда биыл Бас прокурор бұл шешімді даулау туралы шешім қабылдады.

Болат Назарбаев та, мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері де сот отырысына келмеген. Бас прокурордың дәлелдерін зерделегеннен кейін Жоғарғы сот алқасы даулы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау үшін айрықша негіздер бар деген қорытындыға келді.

Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығын қанағаттандырып, Алматы сотының 2012 жылғы шешімін жойды.

Болат Назарбаев пен PLS-ТМ ЖШС арасында жарғылық қордың 31,9 пайызы «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның жай атаулы акцияларын сату бөлігінде жасалған 2009 жылғы 2 сәуірдегі бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Тараптарды бастапқы қалыпқа келтіру керек. Болат Назарбаевқа «АМЖЗ» АҚ-ның қарапайым атаулы акцияларын зауыттың жарғылық капиталының 31,9 пайызы мөлшерінде мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелсін,

делінген қаулыда.
Анара Бауыржанқызы 16.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?