Categories: Қоғам

Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы

Amanat партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров Болат Назарбаевтың заңсыз алған деп танылған жерлерін қайтаруға қатысты істің мән-жайын айтты.

Партияның сайтында Саировқа сілтеме жасап, қазір Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар 59 жер учаскесі анықталды, оларды күмәнді жағдайлармен Болат Назарбаев иемденген.

Мәліметтерді растау үшін Tengrinews.kz тілшісі Саировқа хабарласты.

Ол Amanat партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес қоғамдық құрылым екенін түсіндірді. Егер оларға дабыл түссе, мемлекеттік органдардың кейбір нақты әрекеттерінің заңды немесе заңсыздығын анықтау үшін Бас прокуратураға жіберіледі.

Бізге Алматы облысындағы бір топ адамнан заңсыз әрекеттер туралы арыз түсті. Бас прокуратураға Алматы, Талғар, Астана, Қаскелең және Түркістан облысындағы 244 гектар жер бойынша сауал жолдадық. Қазір Бас прокуратура өкілдері бұл жерлердің көпшілігі заңсыз берілгенін анықтады. Бас прокуратура бұл жерлерді мемлекетке қайтару үшін іс-қимыл жүргізіп жатыр,

деп түсіндірді Ерлан Саиров.

Ол жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы дабыл түскен сәттен бастап алты ай өткенін, шағым 2022 жылғы қыркүйекте түскенін айтты.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлерге қатысты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

«Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлердің көлемі — шамамен 10 миллион гектар. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың аяғына дейін бұл жерлерге қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago