Ұлыбританияда соңғы онжылдықтағы ең ауқымды ереуіл болып жатыр

Ұлыбританияда соңғы онжылдықтағы ең ауқымды ереуіл болып жатыр. Көтеріліске инфляцияның өсуі және ереуілшілер үшін ең төменгі жұмыс көлемін енгізу жөніндегі үкіметтің бастамасы себеп болды, деп хабарлайды Euronews.

Шеруге қатысушылар еңбек жағдайларын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті.

Ереуілге шыққан азаматтар білімге көбірек қаражат құю керектігін алға тартып отыр. Кадр мен бәсекелестік көп болуы керек, директор екі емес, 20 мұғалімнің арасында таңдау жасауы керек, сол кезде біздің балаларымыз сапалы білім алады дейді.

Ұлыбритания Еуропадағы ең бай елдердің қатарында болса да, мемлекеттік мектептерге жеткіліксіз ақша салынған. Қаражат орынсыз жұмсалып жатыр.

Сәрсенбідегі ереуілге байланысты Ұлыбританияда мыңдаған мектеп жабылды, ондаған университеттерде дәріс үзілді, қоғамдық көліктердің жұмысы өзгеріп, теміржол қызметі ішінара үзілді, көптеген рейс тоқтап, кешігіп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

15 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

22 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

22 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

22 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago