Қайрат Боранбаев «жаңа Қазақстан» мемлекетіне құны 1,4 миллиард теңгеден асатын қонақ үйін берді.
Тиісті өтінімдерін өзі жазды. «Бүйткен байлығым құрсын» деген шығар іштей.
Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.
Тергеумен тіл табысайын деді Қайрат Боранбаев. Қалай да бостандыққа шыққысы келетін сияқты.
- Боранбаев берген соң әлгі отель әлеуметтік нысанға айналады
- Демалыс, сауықтыру немесе білім беру орталығы болады