Categories: Қоғам

Боранбаевтың ісі: қымбат пәтерлер мен Луи Виттоннан бильярд үстелі

Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот процессі жалғасып жатыр. Енді куәгерлер айғақ бере бастады. Бұл ретте Луи Виттон және Хайвилл компаниялары өкілдерінің айтқан сөздеріне ерекше құлақ асқан жөн.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, Боранбаев 2020 жылдың жазында люкс дүкеннен құны 50 миллион теңге тұратын бильярд үстелі мен 25,4 млн теңгеге үстел футболын сатып алған.

Шамамен дәл осы уақыт аралығында аталмыш іс бойынша айыпталушы Роман Нахановтың туыстары «Хайвилл Қазақстан» компаниясының құрылысы аяқталмаған 5 пәтерін 99 810 596 теңгеге сатып алу туралы келісімге қол қойған.

Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов «газ ісі» бойынша сотталып жатыр. Олармен қоса осы іске қатысы бар тағы бір айыпталушыға 14,5 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылған. Алайда олар өз кінәсін мойындайтын емес.

Жақында Боранбаевтың адвокаты оны үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш жасаған еді, бірақ сот оған рұқсат бермеді. Қамаудан ешкім босатылмайды.

 

Сая Манарбековна

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

7 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago