Categories: Галерея

Борат тағы да Қазақстанды мазақ етті

Аты шулы «Борат» филімінің актері Саша Барон Коэн, Kennedy Сenters Honors марапаттау рәсіміне Канье Уэст пен басқа танымал жұлдыздарды, тіпті Дональд Трампты және АҚШ-тың қазіргі президентінің жұбайы Джилл Байденді мазақ етті. Сондай-ақ зілді әзіліне тағы да Қазақстанды қосты, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған іс-шара 4-желтоқтан күні Вашингтонда, Колумбия округінде өтті. Шараға АҚШ президенті Джон Байден қатысты. Саша Барон Коэн рэпер Канье Уэсттің соңғы антисемиттік, яғни еврейлерге қарсы қысымды қолдаған мәлімдемелерін сынға алды. Канье Уэстке тиісе отырып Қазақстанды зілді әзіліне қосты.

Мен АҚШ-тағы антисемитизмге қатты ренжідім. Бұл — әділ емес қой. Қазақстан — еврейлердің көзін құрту бойынша бірінші орында. Біздің хоббиімізді ұрлауды доғарыңыз. Мүлдем ұрламаңыз,

деп әзілдеді актер.

Сонымен қатар, антисемитизм бойынша Уэст тіпті қазақтардан да басып озғанын айтып өтті.

Сіздердің Каньелеріңіз Қазақстанға көшіп келуге тырысып, өз атын қазақшалады. Бірақ ол тіпті біз (қазақстандықтар) үшін де шектен тыс антисемит,

деді атышулы Борат.

Ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты «қызғылт сары тері» және «семіз қарын» деп мазақ етіп, Байденді Трамппен әдейі шатастырып, сөйледі.

Маған бүгін президенттеріңіз осында деп айтты. Қайдасыз, Трамп мырза? Жағдайыңыз мәз емес сияқты. Қарныңыз тартылып кетіпті. Ал әдемі қызғылт сары теріңіз бозарған сияқты,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago