Бразилиядағы президент сайлауында Лула да Сильва қазіргі мемлекет басшысы Джейр Болсонароны аз ғана басымдықпен жеңді. Сайлаушылардың 50,84%-і оны қолдаса, 49,16%-і қарсы дауыс берген.
Ол жыл сайын жалақыны индексациялауға, аз қамтылған отбасыларға төлем жасауға және салық жүйесін түбегейлі өзгертуге уәде берді.
77 жастағы Лула да Силва 2003-2010 жылдар аралығында Бразилияны басқарды.
Кейін ол жемқорлық жанжалының ортасында қалды. 2017 жылы сот Сильваны тоғыз жарым жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ саясаткер екі жылдан соң бостандыққа шықты. Ал Жоғарғы сот оған тағылған айыптың барлығын алып тастады.
Енді ол қайтадан Бразилия президенті болып сайланды. Лула да Сильваның жеңісі жарияланғаннан кейін бірден Бразилияның ірі қалалары көшелерінде карнавал басталды. Оның қарсыласы Джейр Болсонаро резиденциясын жауып, барлық кездесулерден бас тартты және баспасөзге түсініктеме бермеді.