Буллинг деген не және одан қалай қорғану керек?

Психологиялық қысым көрсету. Бір баланың екіншіні әдейі кемсітуі, қорлауы, мазақ етуі.

Ағылшын тілінен «bully» — қорқыту.

«Буллинг» термині көбінесе балалар мен жасөспірімдердің түрлі қоғамда қысым көруіне байланысты қолданылады. Келесідей мағыналарға ие:

  • психологиялық қысым және қорқыту;
  • ұрып-соғу;
  • жалған ақпарат, қауесет тарату;
  • топтан шығару-елемеу.

Буллингті агрессияның басқа түрінен ажырататын үш түрі бар:

1. Белгілі бір адамға бағытталған қысым, яғни оның әдейі ар-намысын қорлау, немесе мазақтау;

2. Олар үнемі, жүйелі түрде қайталанады;

3. Екі тараптың бірі (конфликті бастаған тарап) екіншісіне қарағанда моральді және физикалық тұрғыдан мықты болып келеді. Тіпті топтасып алып бір адамға тиісу де жиі кездеседі.

Қазір «кибербуллинг» деген ұғым пайда болды. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып та адамды қорқыта алады. Мамандар кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршігенін айтты. Интернет арқылы қорқытудың ерекшелігі — жүйелілікте және мақсатты түрде болып табылады. Онымен қатар қысым көрсетушіні табу оңай емес. Сондықтан буллингте де, кибербуллинг жағдайында да жасөспірімдердің ұшырайтын психологиялық салдары депрессиядан, үрейдің күшеюіне және ауыр эмоционалды жарақатқа дейін жетуі мүмкін.

ЮНИСЕФ Қазақстан зерттеуінің мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан балалардың 66% — ы мектептегі зорлық-зомбылық пен мазақтың құрбаны болса, 44% — ы мектептегі зорлық-зомбылыққа тап болған, 24% — ы басқа балаларға қысым көрсеткендер.

Статистикаға келетін болсақ, еліміздегі балалардың шамамен 85%-ы әр буллингтің және киберқысымның неше түрлеріне ұшырайды. Әсіресе 11-ден 13 жасқа дейінгі әрбір бесінші бала, 15 жастағы жасөспірімдердің әрбір оныншысы бір рет бұзақылықтың құрбаны немесе қатысушысы болады. Жасөспірімдердің кем дегенде 12% — ы кибербуллингке кем дегенде бір рет ұшыраған.

Қатысушылардың статистикасы мәз емес:

қатты күйзеліске ұшырағандар (55%),

өзіне деген сенімділікті жоғалтқандар (45%),

оқу үлгерімінің нашарлауы (40%),

депрессия (40%),

әлеуметтік белсенділіктің төмендеуі (35%),

ұйқы проблемалары (25%).

Өкінішке орай, мазаққа айналып, қысым көрген балалар көбінесе проблемаларын жасырады. Олар өздерінің әлсіз екендігін көрсеткісі келмегендіктен осындай қадамға баратыны белгілі, тіпті  «терпила» болмас үшін де үнсіз қалатындары да бар.

Қысым көрген баланың мінез-құлығында ұйқы мен тамақтану режимінің бұзылуы, өзінен кішілерге агрессиямен қарау, өзгелерден оқшалану, тез шаршау, тыныштықта ұзақ отыру, оқу үлгерімінің нашарлауы, мектепке, барудан бас тарту, невротикалық белгілер тәрізді өзгерістер болуы мүмкін.

Баладан осындай белгілер байқалған жағдайда онымен әңімелесіп, анық-қанығына көз жеткізген соң, бірінші кезекте қысым көрсеткен балалардың ата-анасымен сөйлесу қажет. Егер әңгімелесу нәтиже бермеген жағдайда, мектер директоры, психолог, учаскелік полицияны араластыруға болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago