Categories: Саясат

Бундестаг Путин үшін арнайы трибунал құруды талқылады

ГФР парламентшілері Ресей президентін Украинаға қарсы агрессиясы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту идеясын қолдады. Әзірге олар мұны қалай жасау керектігін білмей отыр.

«Ресейлік агрессияға құқықтық мемлекеттің дәйекті реакциясын тудыру – арнайы трибунал құру». Осындай атаумен қарар жобасын ХДО/ХСО оппозициялық блогының біріккен фракциясы Бундестагтың қарауына ұсынды.

1 наурызда басқарушы коалиция мен басқа оппозициялық партиялардың көпшілік дауысымен қарар қабылданбады. Владимир Путинді агрессиялық соғысты бастағаны үшін халықаралық қылмыстық жауапкершілікке тарту идеясын «Германия үшін баламалар» партиясынан өзге, барлық парламенттік фракциялардың депутаттары қолдады.

Халықаралық қылмыстық соттың құзыреті

ХДО депутаты Гюнтер Крингс қарар қабылдау қажеттілігін алға тарта отырып, Ресей шапқыншылығына жауап тек Украинаға қару-жарақтың жаппай жеткізілуімен шектелмеуі тиіс, «әлемдік қауымдастық ресейлік зорлық-зомбылыққа заң күшімен де жауап беруі керек» деп мәлімдеді.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) және Германияның федералды прокуратурасы Украинада ресейлік әскери қызметшілердің жасаған әскери қылмыстарының дәлелдерін жинап, оларды мүмкіндігінше тезірек жауапқа тартпақ.

Бірақ бастапқы қылмысты, яғни агрессияны айыптайтын сот әлі жоқ екенін Крингс атап өтті, өйткені Ресей де, Украина да мұндай қылмысты соттау мүмкіндігін қарастыратын Рим жарғысына қол қоймаған. Депутаттың айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресейдің міндетті ветосына байланысты сотқа осындай өкілеттіктер бере алмайды.

Сондықтан неміс консерваторлары Киевтің талабын қолдайды, сонымен қатар Ресей мен Путинді агрессивті соғысты бастады деген айыппен сотқа беру үшін жеке, арнайы халықаралық трибунал құру қажет деп санайды.

Жаппай жазалау емес, сот қажет

Ресей президентін соттау қажеттілігін «Союз-90″/»жасылдар» фракцияларының, солшыл партияның, ГЕДП мен ГСДП өкілдері де қолдады. Алайда олар ресейлік агрессияны айыптау жұртшылық мойындаған, заңды құрылым болуы керек екеніне назар аударды. Әйтпесе мұның бәрі жаппай жазалау көрінісіне ұқсап кетуі ықтимал.

Халықаралық құқықтық стоп-сигнал қажет: басқа елге шабуыл жазасыз қалмайды. Бірақ бұл жерде қиындықтар туындайды, өйткені ХҚС арқылы шешім жоқ. Оған тек БҰҰ арқылы өтуге болады,

деді Бундестагтың сыртқы саясат комитетінің төрағасы, социал-демократ Майкл Рот.

«Путин жазасыз, таза шықпауы тиіс, әйтпесе ол жаңа қылмыстар жасайды», — деп санайды либералды ГЕДП фракциясының өкілі Ульрих Лехте. Ол БҰҰ Халықаралық соты 2022 жылдың наурызында Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын халықаралық құқыққа қайшы деп айыптағанын еске салды.

Бірақ Путинді агрессиясы үшін сот орындығына отырғызу әлі де мүмкін емес. Бұл үшін, Лехтенің айтуынша, ХҚС-қа реформа мен нығаю қажет. Мұны жаһандық Оңтүстік елдері де жақтап жүр, олар бұл соттың әр соғыс үшін арнайы трибуналдар құрмау үшін құрылғанын алға тартады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago