Categories: Экономика

Доллардың құлдырауына байланысты тауар бағасы арзандайды – министр

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев доллар бағамының елдегі тауар құнына қаншалықты әсер ететінін айтты.

Сенат отырысынан кейін тілшілер ведомство басшысына доллардың құнсыздануына байланысты тауар бағасы төмендеуі мүмкін бе деген сауал қойды.

Баға арзандайды деген ойдамыз. Өйткені негізінен доллар бағамы көтерілгенде импорттық тауарлардың бағасы көтеріледі. Соған байланысты біз импорттық тауарлар біртіндеп азая бастайды. Жалпы экономикада инфляция төмендейді. Соңғы айларда ол 20 пайыздан асты. Ал екі-үш айдан кейін қайта төмендейді деп болжап отырмыз. Ал біз нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз аралығында көрсеттік. Енді жалпы бағаның төмендеуін күтеміз,

деді ол.

Еске салайық, Қазақстанда импорттық тауарлар ғана емес, әлеуметтік маңызы бар өнімдер де қымбаттаған болатын. Өткен айда Ұлттық статистика бюросы жылдық өсімнің 23,6 пайызды құрағанын хабарлады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

18 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago