Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Бурабайдағы құпия үңгірде өмір сүрген кім?
Дін

Бурабайдағы құпия үңгірде өмір сүрген кім?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 15.05.2023
Обновлено 15.05.2023 в 10:05
Поделиться
Поделиться

Бірнеше жыл бұрын Бурабай шипажайынан тақуаның үңгірі табылды. Ғалымдар үңгірді жүздеген жыл бұрын ашса да, мекен туристер мен таңғажайып оқиғаларды ұнататын адамдардың көзіне енді ғана түсе бастады.

Емдік-профилактикалық және туристік маңызынан бөлек, Бурабайда жаяу жүргіншілерге арналған қызықты маршруттар, құпия мен аңызға толы көрікті жерлер бар. Жақында туристерге «Тақуа үңгірі» атты жаңа маршрут ұсыныла бастады.

Суретте: Тақуаның үңгірі. 1906 жыл

Томсктан келген мұғалім Вениамин Петрович Александров Бурабайды он жыл бойы (1903-1913 жылдар аралығы) суретке түсіріп, теңдессіз мұрағат қалдырып кеткен. Ол Бурабайдың жол нұсқасын да сызған. Дәл осы кісінің мұрағатынан үңгір туралы алғашқы ақпарат табылды.

В.П.Александровтың 1912 жылы берген ақпаратына сәйкес, 1907-1908 жылдары таудың солтүстік беткейінен терең қазылған құпия жер табылған. Мекен қарағайлар арасында тау-тасты жерде орналасқан. Ішінде аласа бөлікпен бөлінген екі жер бар,

Үңгірдің ішінен сол жақта мекендеген адам жасаған кесе мен қасық, жартылай бүлінген орындық, үстел мен кереует табылған. Үңгірдің жанында тұрған қарағайға крест белгісі ойылған.

Суретте: Тақуаның үңгірі. 1911 жыл

Жергілікті тұрғындарға сауалнама жүргізген зерттеушілер бұл жерде шамамен XIX ғасырдың соңында тақуа монах тұрғанын анықтады. Тыныш, жабайы мекенде аюлар, қасқырлар, сілеусіндер, жабайы қозылар мен маралдар жүрген. Таңғажайып қарағайлардың қоршауында, таза бұлақ суына жақын жерде тұрған үңгір қожайынының қорғанысы мықты болған. 

ХХ ғасырдың басында үңгір қайтадан қалпына келтірілді. Ол өзінің бастапқы күйіне қайта оралды. Қарағайға тақта ілініп, оған мынадай жазулар жазылды: «XIX ғасырдың екінші жартыжылдығында бұл жерде тақуа тұрған. Оның есімі белгісіз».

Суретте: тақта. Тақуаның жазбасы

Александров жазып алған аңызға сәйкес, Бурабайда тұратын бір адамға орманда ақбоз ат мінген адам кездескен, ол тұрғыннан балта сұрайды. Балтаның орнына өзінің атын бермек болады. Содан бері осынау құпия салт аттыны ешкім көрмеген. Атын тастап кетіп, сол күйі жоғалған. Үңгір ашылған соң 1900-1907 жылдар аралығында дәл сол салт атты үңгірді мекендеген тақуа болуы мүмкін деген болжамдар пайда бола бастады. 

Өлкетанушы, жазушы, ғалым Павел Косович Щучинсктің «Стабильная» газетінде былай деп жазады:

«Бұл мекен маған да, зерттеушілерге де маза бермеді. Үңгірге жақын жерде Үлкен Чебачье өзеніне құятын бұлақтың көзі бар. Бұлақ «Тақуа бұлағы» деп аталады. Атауы қазірге дейін сақталған. 1907 жылы үңгір ашылғанда оны қайтадан қалпына келтіріп, саяхат нысаны ретінде жергілікті көрікті жерлердің қатарына енгізді. Тау инженері Нифантьевтің жазбасында толық ақпарат бар.   

Жер асты мекенін орманшылар орман тазалап жатып тауып алған. Үңгірдің көлемі мынадай болды: ұзындығы – 7 кездік (5м), ені – 3,5 кездік (2,5 м), биіктігі – 2,5 кездік (1,8 м). Үңгірден жоғарыда айтылғандардан бөлек, шағын белгі табылған. Үңгірде ұзақ уақыт бойы ешкім тұрмаған, өйткені төбесі бұзылған. Жер асты мекенін тауып алған орманшы Нифантьевке бұл жерден тастармен бірге адамның қаңқасы қоса табылғанын айтты. Аяқ сүйегінің көлеміне қарап қаңқа иесінің тірі кезінде ірі денелі, ұзын бойлы болғанын байқауға болады. Төменгі бөліктен ат қаңқасының қалдықтары табылды».   

Ескі белгіге қарап отырып, бұл жерде тақуа монах өмір сүрген деген қорытынды шығаруға болады. Христиан дінінде тақуалық III ғасырдан бері алғашқы христиандарды Рим билігі қуғынға ұшыратқан кезден бастап бар.

Павел Косович өзінің материалында былай деп жазады:

«Үңгірде тұрған адамның осындай өмір салты қайдан шыққаны беймәлім. Алайда табылған қалдықтарға сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: «1) үңгір кез келген жағдайға арналып немесе қыста тұруға немесе құпия өмір сүруге арналған; 2) үңгірді мекендеген адам православиелік діни сенімдегі адам болған; 3) денсаулығы мықты, шымыр болған; 4) жалғыз тұрмаған, жылқысы болған. Дәлелденбеген ақпаратқа сәйкес, азаматтық соғыс жылдары үңгірде қару-жарақ сақталған. Қару-жарақтың ақтар мен қызылдардың қайсысына тиесілі болғаны белгісіз. Қойма жарылысқа ұшырап, үңгір көміліп қалған. Бара-бара үңгір ұмытыла бастады, оны есіне алған ешкім болмады. Осы ақпаратты естіген соң, мен үңгірді тауып алып, қайта ашуға бел будым».

Суретте: Тақуа үңгірінің қазіргі келбеті

Көбі бұл мекеннің бар екенін білмесе, кейбіреулер Кенесары үңгірімен шатастырады. Павел Владимировичтің мұрағатынан үңгірге апаратын жол туралы толық ақпарат табуға болады. Алайда сипаттаманың басы Байқалдан басталады. Жолдың басын қазіргі таңда табу мүмкін емес, өйткені сол жерге автотұрақ, «Теремок» қонақүйі және автожол салынды.

Үш жыл бойы Павел Косовичтің үңгірді ашам деген мақсаты сәтсіз аяқталып отырды, ол бүкіл солтүстік беткейді аралап, үңгірдің осы маңда екенін сезді. 2015 жылдың басында Павел Владимирович Омскке көшіп, тарихи-өлкетану музейінде жұмыс істей бастады. Музей қорына профессор Д.Н.Фиалковтың суреттері қосылған, бұл суреттерді музейге профессор дүниеден өткен соң жесірі Т.А.Фиалкова табыстаған. 

Профессор Ақмола облысына қатысты төңкеріске дейінгі ескі суреттер мен ашықхаттарды жинаған, Омск ол кезде облыстың әкімшілік орталығы болатын. Осы коллекцияға қарап отырып, өлкетанушы тақуа үңгірі бейнеленген екі суретті тауып алады. Алайда суреттің көмегімен де үңгірді табу оңайға соқпады.

Алматылық тәжірибелі зертетушілер Вадим мен Илья Пильскийлер үңгірді іздеу жұмысына қосылды, үшеуі сипатталған мекенді бөліктерге бөліп отырып іздей бастады. Соңында іздегендері табылды. Тақта ілінген қарағайдың өзі жүз жыл ішінде шіріп кеткен. Ескі суреттен қарағайдың шіри бастағанын көруге болады. Оның орнынан тақта ілінген шеге ғана табылған. Шеге жақсы сақталған, қазір ол «Бурабай» музейіндегі тақуа үңгіріне арналған арнайы орында тұр.

Суреттер өлкетанушы Павел Косочивтің мұрағатынан алынды

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова, АПН

ТЕГи: Қазақстан
Арман Ерғалиев 15.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?