Categories: Экономика

Былтыр пайдалануға берілген баспана саны 8,8%-ке азайды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылы 15,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.

Бір жыл ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4%-ке ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 18 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында байқалды. 2022 жылы 15,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ке кем,

деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіштің төмендеуі Алматы және Астана қалаларында, сонымен қатар Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында пайдалануға берілген тұрғын үй санының азаюы есебінен болып тұр.

Басқа 14 өңірде оң өсу тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында байқалды,

деді ол.

Оның дерегінше, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 9,1%-ке ұлғайды.

Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті,

деді Әлібек Қуантыров.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago