Categories: Қоғам

«Цветная вечеринка» деген желеумен ЛГБТ-ны дәріптеп жүрміз – этнолог

Кемпірқосақ тәрізді қызылды, жасылды түрлі-түсті «мереке» ― ЛГБТ-ның символы. Бұл туралы facebook парақшасына тарихшы, этнолог Тұрар Саттарқызы жазды.

Айтуынша, осындай қазақы болмысымызға жат дүниені өскелең ұрпақтың бойына ақырын-ақырын сіңіру үшін, көздерін үйрету үшін осындай «цветная вечеринканы» дәріптеп жатыр.

Осылай аңқау қазағымды соғыссыз-ақ, санасын улау арқылы «жаулап алу» деуге болады. Сырттан келген мықты идеологиялық қару. Ұлттық иммунитетіміз әлсірген, рухани құлдыраған біз сияқты ұлттың тамырына балта шабатын дүние.
Бұған қоғам болып, мемлекет болып қарсы тұруымыз керек!

дейді этнограф.

Тұрар Саттарқызының айтуынша, «цветная вечеринка мектептерде, балабақшаларда да өтеді. Тіпті ата, әже жасындағы қарияларымыз да жасап жүр» деп жазғандар көп болды.

«Білім, тәрбие беретін балабақша мен мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдер, ақыл айтатын ақсақалдар мен ақ жаулық тағатын жастағы әжелер өскелең ұрпаққа өнеге бола алмай, адастырып жатса, «өзің диуанасың, кімге пір болмақсың?» дегеннен басқа сөзім жоқ. Қалай десек те, салт-санамызға жат дүниенің өскелең ұрпақтың көзі үйреніп, бойына сіңуден аулақ болуымыз керек!

деген пікірде этнограф.

Этнограф ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйек жоқ деп қарап, барынша сақ болу керек деп ой қозғады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago