Categories: Спорт

Әлем чемпионатындағы дау: ойын үшін емес, футболка үшін

Аргентина мен Мексика құрамаларының матчынан кейін Лионель Мессиді жұрт көкке көтеруге дайын еді. Аргентинада «альбиселестенің» бас жұлдызын шынымен пір тұтады. Тартысты ойында оның голы мен пасы құрамаға 2:0 есебімен жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Ал мексикалықтар болса қазір Мессиді жерден алып, жерге салып жатыр. Олар «ПСЖ» форвардының футбол алаңындағы әрекеттеріне емес, Мессидің киіну бөлмесіндегі олақтығына ашулы.

Аргентина мен Мексика арасындағы матч аяқталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, «альбиселесте» киім ауыстыратын бөлмесінде түсірілген видео пайда болды. Онда Мессидің аргентиналықтардың жеңісін тойлау кезінде еденде жатқан қарсыласының футболкасын аяғымен итеріп жібергені бейнеленген.

Бұған кәсіби мексикалық боксшы, қазіргі орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес назар аударды. Ол «Твиттерде» былай деп жазды:

«Месси біздің футболка және туымызбен еденді сүрткенін көрдіңдер ме? Аргентина Мексиканы қалай құрметтесе, біз де Аргентинаны солай құрметтеуіміз керек! Мен бүтін ел туралы айтып тұрғаным жоқ, мен Месси мен оның әдепсіз қылығы туралы айтып тұрмын. Екеуміз кездесіп қалмайық деп Құдайдан тілесін!»

Содан кейін Альварес тағы бір жазба қалдырды:

«Мексикалық футболка жерде жатқанының өзі қорлау болып саналады, тепті-теппеді деп пікірталастырып, өтірік ақымақ бола қалмаңдар».

Месси сынның астында қалды. Бұдан кейін оның жақтастары мен жанкүйерлері спортшыны жан-жақты қолдауға кірісті. Солардың бірі Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы және ПСЖ шабуылшысының жақын досы Серхио Агуэро «Твиттерде» былай деп жазды:

«Канело мырза, ақтауға сөз іздегенім емес, бірақ киім ауыстыратын бөлмеде не болып жататынын өзіңіз де білесіз ғой. Матчтардан кейін футболкалар әрдайым жерде жатады, өйткені қатты тер болып кетеді. Дұрыстап қарасаңыз, Месси бутсыларын шешіп жатқанда байқамай майкаға аяғы тиіп кеткен».

Барселонада Мессимен ойнаған Сеск Фабрегас та осыған ұқсас жазба қалдырды:

«Сен адамды танымайсың және киім ауыстыратын бөлме қалай жұмыс істейтінін білмейсің, ойыннан кейін не болатынын білмейсің. Барлық футболкалар, тіпті біз киетін футболкалар да еденге лақтырылады. Оларды біз кеткен соң жууға алып кетеді. Маңызды жеңіс тойланып жатса да осындай жағдай болады».

Бірақ әлеуметтік желілердегі реакция екіұшты болды.

Nelson Diaz: «Сұмырай Мессидің сезімдеріңе түкіргені бар. Ал футболка туралы айтпаса да түсінікті».

Riverinha: «Мессидің мексикалық футболкаға немқұрайлы қарағаны шынымен де құрметсіздік болды».

Hexa: «Ізгі ниетпен қарағанның өзінде еденде бірде-бір Аргентина футболкасын көрмедім. Олар Мессиді ақтап алғысы келіп жатыр».

Дегенмен, көптеген жазбалар Аргентина құрамасының көшбасшысын қолдауға бағытталған. Көпшілік Леоның мексикалықтарды қорлаймын деген ойы болмағанына сенімді.

Laiza dos cavalos: «Өзінің соңғы әлем чемпионатынан шығып қалмау үшін жігіт барын салды, гол соқты, шешуші матчта жеңіске жетті. Басқа заттармен бірге жатқан қарсыласының футболкасы туралы кім ойлап отырады? Тырнақ астынан кір іздеуге құмармыз, әсіресе бұл Мессиге қатысты болса».

Adrian Leiva: «Ақымақ болмаңдаршы. Месси тер сасыған футболканы бірден рамкаға салып, көпшілікке шығарып қойғанын қаладыңдар ма? Мексикалықтар, өздеріңді әлемде ерекше сезінуді қойыңдаршы».

Baleadas4laif: «Қорқынышты ештеңе жоқ, ойында оларға бес футболкадан береді. Бәлкім, мексикалық ойыншыларға ойыннан жеңілген соң футболкасын алып Мессидің артынан жүгіріп жүрмес үшін өздеріне құрметпен қарауды үйрену керек шығар».

Ал Anthony лақап атымен жанкүйер Альвареске: «Канело, мен өзім өлсем де, сені Месси үшін өлтіремін. Көшеде бірге-бір, футболкасыз шығайық» деп жазды.

Оған қоса, Аргентинаның Мексикамен кездесуі алдында екі команданың жанкүйерлері альбиселесте көшбасшысы үшін қақтығысқа түсіп қалған. Мексикалықтар Сауд Арабиясымен 1-тур матчынан кейін мемге айналған «Мессилерің қайда?» деген сұрақты аргентиналықтарды келемеждеп қоя берген. Бұл сұраққа Леоның өзі жақсы жауап берді — ол бар және кез-келген ойынның нәтижесін шеше алады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago