Казинолар халықтың ақшасына байып жүр

Қазақстанда казинолардың кірісі күрт өсті. Аталмыш компанияның 2017-2022 жыл аралығындағы кірісі 392 млрд теңгеден асқан, алайда салық ретінде бюджетке тек 7,8 млрд теңге түсіпті.

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтың айтуынша, «Сәтті Жұлдыз» компаниясы өз қызметін «Lotoclub» және «Lotomatic» арқылы астыртын түрде жүзеге асырып келеді.

«Сәтті Жұлдыз» компаниясы жекеменшік. Сондай-ақ 2017 жылдан бастап Қазақстанда лотерея өткізу құқығын 15 жылға иеленген жалғыз оператор.

Бүгінде акционерлік қоғам небәрі соңғы 6 жыл ішінде ел аумағында 300 лото-клубты іске қосқан. 6000-нан астам «Лотоматик» терминалдарын орнатып үлгерген. Осы уақыт аралығында компанияның табысы да қомақты: 2017-2022 жыл аралығындағы кірісі 392 млрд теңгеден асқан, алайда салық ретінде бюджетке тек 7,8 млрд теңге түсіпті.

Лудомандардың есін алған лотереялық терминалдарды іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Оңды-солды орнатылған «Лотоматиктер» көпқабатты тұрғын үйлердің астынан бастап, шалғайдағы ауылдарға дейін жаулап алған. Лото-клубтарда казинодағыдай жағдай жасалған, терезесі тұмшаланған бөлмелерде алкогольді ішімдіктер шектеусіз беріледі, лотереяға тәулік бойы қатысуға мүмкіндік бар. Сол себепті құмарлықты қоздыру жағынан лотоматиктер ойын автоматтарынан кем түспей тұр. Ең қызығы лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган лотерея операторына және олардың агенттеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға құзіреті жоқ.

Мемлекет басшысы жастар арасында лудомания, яғни заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарға тәуелділік күшейіп келе жатқанына тоқталып, жас ұрпақты құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Сол себепті «Сәтті жұлдыз» операторының жұмысына мемлекеттік аудит, салықтық тексеру жүргізіп, «Лото клубтардың», «Лотоматик» терминалдарының қызметіне тыйым салып, ұлттық лотерея операторының қызметін қатаң бақылауға алуыңызды сұраймын,

деді Мәжіліс депутаты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа жолдаған депутаттық сауалында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago