Чикагода Хэллоуин мерекесінде атыс болып, салдарынан 14 адам жараланған. Полиция оқиға орнын тексеріп жатыр. Бұл туралы ABC7 хабарлады.
Жарақаттанғандардың ішінде үш және 11 жасар бала бар.
Барлығының жағдайы әртүрлі: бір ауыр жағдайда, енді біреулердің жарақаты жеңіл. Тіпті, бір адамды оқиға орнында қағып кеткен,
деді Чикаго полициясының аға офицері Дэвид Браун.
Ресми өкілдердің айтуынша, Чикагоның батысындағы Гарфилд саябағында белгісіз біреу адамдарға көліктен оқ атқан. Алайда күдіктінің кім екені және не себепті атқаны әзірге белгісіз.
Полиция бірнеше секундқа созылған атыс түсірілген видеоны зерттеп жатыр.