Covid-19: Қытайда крематорийлер толып кетті

Қытайда пандемияға қарсы қатаң шектеулер алынғаннан кейін Covid-19-бен бұрын-соңды болмаған күрес жалғасып жатыр. Бірнеше қалада түсірілген спутниктік суреттерде крематорийлер мен жерлеу бюроларында мәйіттердің көп екенін аңғаруға болады. Бұл туралы Cnn.com жазды.

Желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында Maxar түсірген және CNN -дегі суреттер Бейжіңнің шетіндегі жерлеу бюросы көрсетілген. Ол жерде құдды бір жаңа автотұрақ салынғандай. Сонымен қатар Куньмин, Нанкин, Чэнду, Таншан және Хучжоудағы жерлеу бюроларында күтіп тұрған автомобильдер кезегінің суреті бар.

Таншань қаласындағы жерлеу бюросы 2020 жылдың қаңтарында, пандемияға дейін
дәл сол бюро, өткен аптадағы сурет

CNN Бейжіңде қайтыс болғандарды сақтау үшін пайдаланылатын қосымша уақытша нысанның ашылғанын айтты. Өйткені мәйіттер жатқан сары қапшықты қызметкерлер өңдеп үлгермей жатыр. Ал марқұмдардың жақындары мәйіттерді жерлеу немесе өртеу үшін бірнеше күн күтетінін айтады.

Десе де, шектеулерді жеңілдеткеннен кейін Қытайда Covid-19-дан қайтыс болғандардың ресми саны өте төмен. 7 желтоқсаннан бастап барлығы 37 адам вирустан қайтыс болған.

ДДСҰ Қытайдағы өмір сүру қаупіне алаңдайтынын жеткізді. Ұйым вакцинацияның, соның ішінде күшейткіш дозалардың маңыздылығын растады.

Біз Қытайдан ауруханаға жатқызу және өлім туралы неғұрлым жедел, тұрақты және сенімді деректерді, сондай-ақ нақты уақыт режимінде вирустардың толық реттілігін қамтамасыз етуді сұраймыз,

деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс сәрсенбіде Женевада өткен брифингте.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago