Әлемдік БАҚ не туралы жазды.
Сыбайлас жемқорлық барда газ болмайды
The Wall Street Journal Еуропалық Одақ Катарды Еуропарламент мүшелеріне пара берді деп айыптау арқылы энергетикалық дағдарысты күшейтуі мүмкін деп жазды.
Таяу Шығыс үкіметі Брюссель билігінің бұл әрекеті Еуропамен энергетикалық келіссөздерге теріс әсер ететінін ескертті. Сондай-ақ, катарлықтар Еуропарламенттің Парсы шығанағы Корольдігімен қарым-қатынасты тоқтату туралы шешімін айыптады.
Еуропалық парламенттің бұл қадамы аймақтық және жаһандық қауіпсіздік ынтымақтастығына, сондай-ақ жаһандық энергетикалық кедейлік пен қауіпсіздік туралы жалғасып жатқан пікірталастарға теріс әсер етеді,
делінген Еуропалық Одақтағы Катар дипломатының мәлімдемесінде.
Мәлімдемеде сонымен қатар Катардың Бельгияға сұйытылған табиғи газдың маңызды жеткізушісі екенін көрсетеді.
Дағдарыс Еуропаға келді
Вloomberg Еуропалық энергетикалық заң жобасын талдады. Ілеспе жазбадан Еуропа энергия бағасының күрт өсуіне байланысты шамамен 1 трлн долларға зардап шеккенін байқауға болады. Электр энергиясын тұтынуды шектеуді білдіретін халыққа және бизнеске қатысты қатаң заңның пайда болуы терең дағдарыстың басталуын білдіреді.
Заң жобасын әзірлеушілер энергияның жоғары бағасы 10 жылға дейін сақталуы мүмкін, ал әлемдік газ нарықтарында белгілі бір жеңілдік 2026 жылға дейін күтілмейді дейді.
Ковид миллиардерлері
The Guardian Ұлыбританиядағы өте бай адамдар күрт көбейгені туралы жазды.
Equality Тrust қайырымдылық ұйымының прогрессивті байлық салығын енгізуге шақырған есебіне сәйкес, Covid пандемиясы басталғаннан бері британдық миллиардерлер саны 20%-ға өсті.
Үш жыл бұрын жаһандық денсаулық сақтау төтенше жағдайының басында Англия Банкі және әлемдегі басқа да ірі орталық банктер пайыздық мөлшерлемелерді нөлге дейін төмендетіп, мөлшерлік жеңілдету бағдарламалары арқылы қаржы нарықтарына миллиардтаған қаражат құйды. Бұл саясат активтердің бағасын көтеріп, онсыз да бай инвесторларға қалталарын қампайтуға көмектесті, ал халықтың қалған бөлігі кедейленіп жатты.
Қырықтың бірін беру
Fox news демократтар сайлау науқаны кезінде криптовалюта биржасының негізін қалаушы FTX Бэнкман-Фридтен алған ақшаларын қайтаруға дайын екенін айтты. Бірақ барлық сомасын емес…
Сайлаумен айналысатын демократиялық партия комитетінің (DNC) өкілі DNS 2020 жылдан бері Банкман-Фридтен алған 815 000 долларды қайтаруға дайын екенін айтты. Бұл сомаға тікелей DNC, сондай-ақ демократтардың Жеңіс қоры мен Байденнің Жеңіс қоры кіреді. Партияның тағы бірнеше мүшелері бұрын алған жеке қайырымдылық ақшаларынан бас тартуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Жалпы алғанда, Банкман-Фрид 2022 жылғы сайлау науқанына 40 миллион доллардан астам қайырымдылық жұмсағаны анықталды, оның негізгі алушысы демократтар болды.
Демократиялық партия өкілдері ерекше атап өтті: олар алынған қаражатты Әділет министрлігі FTX банкроттығынан зардап шеккен инвесторлардың шығындарын жабуға жұмсалатынына кепілдік берген жағдайда ғана қайтарады.
Түрме және Трамп үшін салықтар
New York Times бұл апта АҚШ-тың экс-президентінің бас ауруына айналуы мүмкін деп жазды.
2020 жылдың 6 қаңтарында Капитолийге жасалған шабуылды зерттейтін Палата комиссиясы өз есебін жарияламақшы және бұрынғы президентке қатысты қылмыстық айыптауларды қолдай алады.
Сонымен қатар, Конгресстің тағы бір комитеті осы аптада Дональд Трамптың салық декларацияларын жариялау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Трамптың отбасылық бизнесі ондаған жылдар бойы салық төлеуден жалтарған деп күдікке ілінген.