«Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to protect journalists) Қазақстан билігін журналистерге жасалған шабуылды жан-жақты тергеуге шақырды.
12 қаңтардан бері Қазақстанда бір журналистің көлігі өртеніп, бірінің пәтеріне «шабуыл жасалды». Редакция кеңсесінің терезесі шағылып, бір сайттың бас редакторының жеке деректері интернетке жарияланып кетті. Бұған дейін полиция көлікті өртеп, редакция кеңсесінің әйнек есігін шақты деп күдікке ілінген бес жасөспірімді ұстағанын хабарлаған.
Жақында журналистерге жасалған екі шабуылға қатысты күдіктілерді тез анықтағаны үшін Қазақстан билігін мақтауға тұрарлық, алайда билік ақпарат құралдарына жасалған қорқыту амалдарын жан-жақты тергеуге күш салуы керек және оған тапсырыс берушілер жазалануға тиіс. Билік журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса, «Жаңа Қазақстан» жайлы риторикасы бос сөз болып қалады,
деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламалары бойынша үйлестірушісі Гульноза Саид.