Categories: Саясат

Дәл қазір Путин не істеп отыр

Істейтін ісі жоқ-ау. Жұмыс бөлмесінде бірен-саран біреулермен сөйлесуден басқа. Жұрт сияқты күнде барып қонатын үйі жоқ, күтіп отыратын семьясы, бала-шаға жоқ.

Ойланатын, өкінетін, өз бармағын қатты-қатты тістеуге уақыты көп есесіне.

Әбден қартайған шағымда осылай оңбай ұрынып қаламын,

деп ойламағаны анық.

Билікті біреуге тапсырып, Ельцин сияқты тыныш кете салатын жол да қалдырмапты өзіне. Билікті берген күні кісенделетін күйге жеткізді өзін өзі.

Жеке билігін созу үшін, демократиялық өркениетке қарсы ойында мықты жүріс жасап, автократияның ықпалын күшейтем деп бастаған кезекті соғысы – өлердей қате жүріс болып шықты. Осы қателігімен ол Ресейдің ту-талақайын шығарды, мемлекеттің берекесін қашырды, орыс ұлтын әлемге масқаралады.

Өзі халықаралық қылмыскер болды. Адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін бұл дүниеде оны тек Гаага соты күтіп тұр. Пропагандасы қалай оттап-көкісе де, Путин енді өзі түзей алмайтын, ешкім кешіре алмайтын қателік жасады.

Орыстың көзі қарақты кей сарапшылары жиырма жыл бұрын, Путиннің президент лауазымындағы әу бастағы тірліктеріне қарап, «Путин плохо кончит» деген. Дәл солай болып тұр енді.

Әлде, автократиялық биліктің бәрінің тағдыры осылай аяқтала ма? Тура алдындағы жарық, ашық жолмен жүргісі келмейтін ұрыдай, қараңғы түнекте адасқан күйі адасып барып түбі Путин сияқты бір шұңқырға топ етіп түсіп өле ме?

Көрейік енді, ертең Путинсіз Ресей қайтер екен? Қазақстанның билігі қайтер екен?

Қазақ ұлты, Қазақстан халқы қалай қарай бұрылар екен

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago