Categories: Оқиға

«Дәлізде жөргекке босанды»: дәрігерлер қайда қараған?

Акушерлер мен медбикелер әйелдің жатыры толық ашылып, босануға дайын екенін байқамаған.

Оралдағы перзентханада Әдемі Қайырғалиева босану бөлмесіне бара жатқан кезде, дәлізде жөргекке босанды. Дәрігерлер әйелдің жатырының толық ашылғанын байқамаған. Жаңа туған сәбидің анасы медицина қызметкерлерінің немқұрайлығына ашулы. Бұл туралы Astana.tv хабарлады.

Баламда туа сала гипортемия болды. Бірінші күні мүлдем ембей қойды. Ақуыз деңгейі жоғарылап кетті. 23 қаңтарда бізді балалар ауруханасына ауыстырды. Балама бір апта бойына күніне үш реттен антибиотик, оған қоса көктамырға тағы бір екпе салды. Осындай аз уақыт ішінде кішкентай сәбиімізге осынша ине салғанына қарау — қорқынышты. Негізі олар мені босану бөлмесінде босандыруы керек еді. Құдай сақтап, жөргекте болдым, әйтпесе бала бірден еденге құлайтын еді,

деді жаңа босанған ана.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ондағы акушерлерге қатаң сөгіс жарияланды, қалған бес медбикеге ескерту жасалды.

Акушерге — қатаң сөгіс, аға акушерге — ескерту, екі меңгерушіге — ескерту, босандыру жөніндегі орынбасарға — ескерту, аурухананың бас медбикесіне — ескерту жасалды,

деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

20 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

20 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

21 час ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago