Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Дүниежүзі “қыздар тәні” саудасын тоқтата алмай отыр
Қоғам

Дүниежүзі “қыздар тәні” саудасын тоқтата алмай отыр

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 10.07.2023
Обновлено 10.07.2023 в 10:07
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазір жасөспірім қыздардың тәндері басым сұранысқа ие. Өкінішке қарай, біздің ел де әлемнен қалыс қалып жатқан жоқ.

Елдің алдында жүрген құқыққорғаушы ретінде дабыл қағып, бұл қылмыспен күресіп-ақ келеміз! Бірақ, мына сыбайластық пен жемқорлық жайлаған жүйеге қарсы шығу — оңай емес!

деп жазды Айгүл Орынбек.

Қазақстанда притондар мен жасөспірімдердің тәнін саудалайтындардың “крышасы” сол —  полиция мен прокуратура.

Бұндай қылмыстарды, әрине олар өз қолдарымен істемейді. Бұл — үлкен ұйымдасқан қылмыстық топ. Тіпті, халықаралық деңгей-дәрежелі “статусқа” көтеріліп кеткенін де жасыра алмаймыз.

Қыздарды қыздардың қолымен ұрып-соғып жезөкшелікке салу, қасақана мәжбүрлеу, әрине бұның артында  — полиция тұр.

Әйтпесе, кешегі Алматыдағы қыз осы уақытқа дейін қалайша талтаңдап жүр?! Қалайша ашықтан-ашық саудаласып, заңнан да аттап, жарнамаларын да жасырмай “айқайлатып” шығарып жүр?!

Бүгінде полициядағы басшылар қастарында бандиттер мен  бопсалаушы алаяқ әйелдерді ұстайды.  Яғни, өзгелердің қолымен қылмыс жасап, сол қылмыстардың артында өздері “үлес” қосып, соңында қылмыстың “жабылуына” ықпал етіп отыр.

Яғни, жеңгетайлар өздерінің қамалмайтынын біледі. Себебі, қазір оларды көшедегі бандиттер емес, “формадағы рэкеттер” басқарып, “крышовать” етеді.

Құзырлы органдардың іштен “іріп-шіріп” жатқанын зерделеп жүрген құқыққорғаушы ретінде менің оған бір емес, бірнеше рет көзім жеткен. Тіпті, қолымда айғақ-дәлелдерім де жетерлік.

Он сегіз жасқа толмаған қыздармен формадағылардың өздері “рахаттанып” демалып,  “қызмет ақысын” төлемей тепкілеп, ұрып-соғып  кеткендерді де білем. Бізде тек төменгі орындаушылар ғана ұсталып, қамалады ғой?! Ал олардың “шыңында” отырған формадағы бастықтар ешқашан жазасын алмайды.

“Крышовать” еткені үшін пара алып отырғандар, жоғарыға пара беріп құтылып кететіні – өкінішті.

Ащы болса да — ақиқат осы, ал бұл шындықты бәрі көріп, біліп отырса да — үнсіз.

Себебі, бәрі бұл қылмыстың, анығырық айтсам полиция “бизнесінің” тамырлап кеткенін жақсы біледі. Күрескеннен түк шықпайды деп үміттерін де үзген.

Алысқа бармай-ақ, таяуда ғана Шымкент Полиция департаментінің бүтін бір Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшы құрамы (УБОП)  әлгі “массаж салонынан” миллиондап пара алып, өздерінің қылмыс ұйымдастырғаны — мына жазбамның  дәлел-тұжырымы емес пе? Әйтпесе, “массаж жасаушыларды” полицияның өзі “крышовать” етіп, пара алып отырғанын — қалай ақтап алуға болады?

Министр Марат Ахметжанов мырза, Шымкенттегі, жалпы еліміздегі өрши түскен бұл ахуалды қалай түсіндіресіз?

Министр ғана емес, Қазақстанның азаматы, адам ретінде шындыққа тура қараңызшы!

Осыдан кейін, полиция, әсіресе олардың білдей генерал бастықтары нандарын адал жеп отыр деп елдің алдында ашық айта аласыз ба?

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 10.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?