Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімінде (ұсақ бұзақылық) көзделген құқық бұзушылық жасаған А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2024 жылғы 28 мамырда Қостанай қаласында А. «Март» сауда ойын-сауық орталығының әйелдер дәретханасында мас күйінде болған кезде келушілерді жасырын бақылап отырған.
Сот отырысында А. кінәсін мойындады.
Сот қаулысымен А. 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.