Дәрігердің кінәсінен зардап шеккен азамат қанша өтемақы алады?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлері кінәсінен зардап шеккен қазақстандықтардың қандай өтемақы алатынын айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Бұл — ұсыныс. Заң жобасы қаралады. Дүниежүзілік тәжірибе сақтандыру компаниялары науқастың қанша жұмсағанын және қандай зиян келгенін анықтайтынын көрсетті,

деді Ажар Ғиният мәжіліс кулуарында.

Министр сақтандыру сыйлықақысының мөлшері медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып, мамандандырылған сақтандыру бойынша бекітілген тарифтік ставкалар мен еңбекақы негізінде белгіленетінін айтты.

Сақтандырушының сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің ең жоғары мөлшері ҚР «Көлік құралдары иелерінің ЖПҚ міндетті сақтандыруы туралы» заңына сәйкес есептеледі.

Пациенттің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін:

  • қайтыс болған жағдайда – 1 мың АЕК (3 063 000 теңге);
  • бірінші топтағы мүгедектікті анықтау – 800 АЕК (2 450 400 теңге);
  • екінші топтағы мүгедектікті белгілеуге – 600 АЕК (1 837 800 теңге);
  • үшінші топтағы мүгедектікті анықтау – 500 АЕК (1 531 500 теңге);
  • балаға мүгедектікті белгілеуге – 500 АЕК (1 531 500 теңге);
  • мүгедектік белгіленбестен дене жарақатын алу немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру – науқасты амбулаторлық немесе стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде – 300 АЕК (918 900 теңге).

1 АЕК – 3 063 теңге.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

8 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago