Categories: Саясат

Бункерде бүлік басталды: ертең Путин тағынан түседі

Мәскеудегі сенімді дереккөздерден жеткен мәліметтерге сенсек, Ресей билігінің басындағылар Путинді науқас деп жариялап, қызметінен алу мәселесін талқылап жатыр. Оның қызметін уақытша ұжымдық орган – қауіпсіздік кеңесі атқарады, дейді ресейлік математик және публицист Андрей Пионтковский.

Тіпті мен бұл идеяның авторы кім екенін де білмемін, дейді ол.

Ол – Юрий Валентинович Ковальчук.

Ковальчук деген Путинге ең жақын адам. Оған «сен» деп сөйлей беретін жалғыз тұлға.

Ол – Путиннің алып қаржылық империясының менеджері. Путиннің сыртқы саясаттағы ұстазы. Ковальчук деген импершіл көзқарастағы классикалық ультрафашист. Украинадағы соғыстың ғана емес, кеңес одағының күйрегені үшін Батыстан кек алудың идеологы.

Путинді Украинаға қарсы соғысқа, НАТО-мен соғысқа итермелеген сол. Кремльдің 2021 жылы 15 желтоқсанда НАТО-ға қойған ультиматумы – НАТО-ға қарсы соғыс жариялағаны еді. 91-ші жылғы шекараларға кері қайт дегені. Баяғы Бату мен Сталиннің линиясына оралу. Соңғы 800 жылда екінші рет осылай болып отыр. Ковальчук әр кездері Московия, Ресей империясы, совет одағы деп аталған Жошы ұлысының бір кездегі аумағын қайтарғысы келеді,

дейді Пионтковский.

Ковальчук ақылды адам. Кеңес заманында физмат ғылымдарының мықты докторы болған. Ол Ресейдің осы соғыста жеңілгенін түсінді. Оның алдында күрделі міндет тұр – соғыста оңбай жеңіліске ұшырап жатқан елде билік пен меншікті сақтап қалу.

Самарқандтағы ШЫҰ саммиті – Путин үшін соңғы сынақ болған еді. Бірақ Путин осы бір «үшінші әлем» немесе «Ұлы күнгей» жиынына тым сәтсіз барып қайтты.

Әрине, Ковальчук те Украинаны жек көру, орайы келсе жойып жіберу жағынан Путиннен кем түспейді. Бірақ қазір Ковальчук пен бүкіл корпорацияның алдында Украинаны жоюдан да маңызды міндет тұр: билік пен меншікті сақтап қалу. Путинің де, Ковальчук те, бункердегі басқалар да мультимиллиардерлер. Әлемнің ең бай адамдары. Путин құласа, Ресейде меншік құқығы жойылады. Сол үшін Ковальчук сияқты Путиннің айналасындағылар барлық бәсекелестерінің алдын орап, Путиннің орнына өздері келіп, өз билігін біріктірмек. Бұл Украинаны жеңуден маңыздырақ боп тұр.

Қауіпсіздік кеңесінің ұжымдық билігі бүгін-ертең осы жоспарын жүзеге асыра бастайды. Путинді ығыстырумен ел соғыста жеңілген соң қара халықтың «кім кінәлі» деген сауалына жауап беріледі. Путин емделу үшін Қытайға кетеді. Мына жақта оны сыртынан қарғап-сілеп халық қала береді. Міне, Ресей билігінің жоспары осы,

дейді сарапшы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago