Categories: Қоғам

Дәрігерлер арасында қылмыстық құқық бұзушылық артты

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 223 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2% — ға көп, деп хабарлайды Finprom.kz порталы.

Сектордағы құқық бұзушылықтар санының өсуі 2019-2021 жылдардағы көрсеткіштердің үш жылдық қысқаруынан кейін алғаш рет байқалып отыр.   

Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде дәрігерлер арасындағы құқық бұзушылықтар саны 18% — ға, 210 жағдайға дейін төмендеді.   

Өңірлік бөліністе мұндай құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелді. Қалада жалпы 26 жағдай анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,8% — ға артық.    

Сондай — ақ, елорда (21 жағдай, жылдық өсім-2,1 есе) және Алматы облысы (20 жағдай, минус 47,4%) антилидерлердің үштігіне кірді. Сектордағы ең аз құқық бұзушылықтар Жетісу, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында тіркелді.    

Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлығы дерлік (96,4%) медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауынан болып отыр. Атап айтар болсақ, 215 жағдай, бір жыл ішінде 5,4%-ға тең.    

Тағы 6 жағдай заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметке және рецептерді заңсыз беруге немесе қолдан жасауға, заңсыз түсік жасату, жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техникамен жұмыс істеу шеңберінде бір құқық бұзушылық тіркелді.    

Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және заңда көзделген мемлекеттік қызметшілер үшін шектеулер мәселелерін талқылады.    

Айта кетейік, ҚР ДСМ Әдеп жөніндегі уәкілдері әлеуметтік желілерде, азаматтармен телефон арқылы келіссөз жүргізу кезінде, мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, іссапарларға шығу кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ, мүдделер қақтығысы жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту мәселесін көтерді.    

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago