Дәулет Мұқаев: «Төрт-бес жыл төңірегінде 350 миллион теңге табыс таптым»

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 350 миллион теңгені “Баспанаға бағыт” жобасы құрылғанан бері, төрт-бес жыл төңірегінде тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айттып, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Табыс табасыздар. Жұмыстарыңызды заңдастырасыздар» деп айтқаннан кейін өзіме қарсы шыққан сөз болды ғой. Бұл жерде түсінбеушілік бар. Мысалы сабақтарымның сатылымдары мен банктік жарнамалар келісімшарт негізінде. Менің жеке кәсіпкерлігіммен емес, командамдағы балалардың ішінде Шәміл, Бекарыс, Нұрсұлтанның жеке кәсіпкерлігі, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы салықтары төленіп, солар арқылы келісім шарттар жасалды. Ал мен жасаған келісім шарт тапсырыс беруші, орындаушы деген келісім шарт ғана болды. Салығы заңды түрде төленді. Сайлау алдында декларация тапсырасың, табысыңның бәрін көрсетесің. Ол тараптан барлығы өтті. Ешқандай мәселе болған жоқ. Ол салық органдарының жұмысы. Сәйкесінше барлығы жасалды. 350 млн теңгені біреулер бір айда тапты дейді. Біреуі бір жылда тапты дейді. Ол айналып келгенде шамамен, “Баспанаға бағыт” деп 2019 жылдан бері басталған төрт-бес жылдың төңірегіндегі табыс» — деді Дәулет Мұқаев. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago