Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кетіпті. Бұл туралы заңгер Анна Чернова хабарлады.
Кейін бұл оқиғаны қорғаныс министрлігі растады:
2 шілде күні Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды,
делінеді министрліктің ресми хабарламасында.
Дәулет Тұрлыханов 2023 жылдың наурыз айынан бері Мәжіліс депутаты болып отыр.
Ақпан айында Алматыда белгілі заңгер Олег Черновтың соққыға жығылғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға туралы оның қасында болған және жарақат алған әйелі Анна айтып берді. Ерлі-зайыптылар шабуыл жасаған Нұрасыл Болат депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін мәлімдеді. Тұрлыханов Алматыда адвокаттарға шабуыл жасады деген күдіктінің оның ұлы екенін растады. Алматы қалалық полиция департаменті бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркеді.
Кейін белгілі болғандай, Нұрасыл Болат адвокатты ұрған жерде болмауы керек еді, өйткені ол кезде ол Отарда әскери борышын өтеуі керек еді.