Categories: Қоғам

«Даңғазалық пен мал шашпақ». Тұрсынбаева ұлының тойында бриллиант таратты

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркияның Стамбул қаласында дүркіретіп ұлына той жасады. Әлеуметтік желілерге жүктелген видеолар мен жазбалардан белгілі болғандай, тойға Қазақстанның ұлттық өнерінің «қаймақтары» бірі қалмай қатысқан. Құрметті қонақтардың қатарында Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Тұрсынбек Қабатов, Тамара Асар, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас бар. Келіннің бетін белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ашқан. Ал шетелдік әншілерден тойда Аврам Руссо ән айтқан.

Әнші Қарақат Әбілдина қонақ ретінде емес, қызмет етуге келгенін жазды.

«Қырық мың қазақ ұйықтамай, таңға дейін той күзеткен түн болды. Біз де бұл тойға арнайы қонақ не айрықша шақыртумен емес, аяғымыздан тік тұрып қызмет етуге келдік. Еттік те деп ойлаймын, себебі Айнұрдың қуанышын “өзімдікі” деп иелендік, шын жүректен.

Көз алдымызда өскен кешегі бала — бүгін бір шаңырақтың тұтқасын ұстап, үлкен өмірге қадам басып жатыр — бұл бізге де үлкен бақыт, қуаныш.

Айнұржан, келінің күліп-ақ тұратын, көңілі әппақ қыз екен. Өзің де қызыңдай көріп, арнау әніңді айтып, бауырыңа басып жатырсың, бағы жансын балалардың. Келесі жылдар шілдехана, бесік тойларды біріге берейік. Бүгінгідей дүбірлі той біздің шаңыраққа жұғысты болсын енді. Тойды қарап отырған Жақсы Адамдарым ұлды ұя, қызды қияға қондырған берекелі, аламан той нәсіп болсын!,

деп тілек білдірді әнші.

Белгілі болғандай, тойда ерекше белсенділік танытқан қонақтарға Тұрсынбаева «Беклан&Мадина» деген белгімен сертификатталған бриллианттар таратқан. Бұл туралы әнші Ерке Есмахан хабарлады.

Алайда ақынның бұл үрдісін журналист Диас Нұрақын сынап тастады. Оның пікірінше, Айнұр Тұрсынбаева тойдың ақшасын Қазақстанда-ақ «шашып», ел экономикасына үлес қоса алар еді.

Бүкіл қазақтың қыз-келіншектері демеуші болып, Стамбулда Айнұр Тұрсынбаеваның баласын үйлендіріп жатыр. «Түпсанаңды өзгерт, көзіңді аш, көтер басты, арманда» деген сияқты «қыртымбай» тақырыпқа лекция оқып, сол үшін жүздеген, мыңдаған әйелден ақша жинап, сол қаржысын енді түріктерге шашып жатыр екен.

Қара теңіздің жағасына Қазақстаннан бір борт мейман барыпты. Әнші, актер, ақын, блогердің бәрі сонда жүр. Қонақтардың ішінен Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекті де байқап қалдым. Елден барғандардың ұшақ билетін, жатын орын мен ішіп-жемін түгел ақын апым көтеріп алыпты мыс. Не деген «мал шашпақ» десеңші. 400-500 адамды сыйдыратын тойхана Тұздыбастау мен Қаскелең жақта да толып жатыр ғой. Қазақтың кең даласы тұрғанда Стамбұлға барып той жасау — таза дарақылық.

дейді Нұрақын.

Журналистің пікірінше, тойды Тарканға басқартып, беташарды Бурак Озчивит жасамаса бәрі бекер. Ал Жандарбек Бұлғақов пен Алатау серілері Қарақұмға шақырса да барар еді.

Байдың асын байқұс қызғанды демесін. Бірақ айтыста «ұлтым, қазағым, елім» деп еміреніп отыратын адамның тапқан-таянғанын жат елге шашып, соны мақтан қылғанын қабылдай алмадым,

деп жазды журналист.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago