Categories: Қоғам

Прокурорлар Жетісуда жайылымдық жер мәселесін шешті

Прокурорлар Жетісудағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексерді. Нәтижесінде Панфилов ауданында инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жердің дұрыс пайдаланылмағанын анықтады.

Прокурорлардың айтуынша, бұл аумаққа салынуы тиіс нысандардың әлі күнге дейін бірде-бір кірпіші қаланбаған. Прокурорлық қадағалау бойынша Панфилов ауданында инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді қоғамдық мақсатта пайдаланылмақ. 

Көпшілік шағымданған соң, прокурорлар аумақты мемлекет меншігіне қайтару үшін тынымсыз жұмыс істеген. Құзырлы орган өкілдері аймақта 11 мың гектар жердің  игерілмей жатқанын анықтап, қоғам игілігі үшін беруге ықпал жасаған.  

Шолақай ауылының тұрғыны Болатбек Қалиевтың айтуынша, бұл жерлерге әркім келіп қожайын болған. Олар «Мына жерге жаймаңдар жекеменшігіміз шабамыз, баз саламыз» деп айтқан. Енді ауыл тұрғыны «Тақыр жерге жайылған мал тоймайтын еді, енді малымыздың өңі кіретін болды» деп қуанып отыр.

Прокурорлардың айтуынша,  Шолақай ауылы тұрғындарының жайылымды қоғамдық меншікке қайтара алмай жүргеніне екі жыл болған. Елді мекен жанындағы 1200 гектар жер кезінде инвестициялық жобамен жекеменшікке беріліп кеткен.

Панфилов ауданының аумағында 40 инвест жоба жүзеге асырылған. Тексеру нәтижесінде алтауы іске асырылмаған соң біз жергілікті атқарушы органға қадағалау актісін енгізіп, инвестициялық жобаға алған жер учаскесін қайтардық, ол жер 12 мың гектарға жуық екен. Кадастрлық құны 90 млн шамасында,

дейді Панфилов ауданының прокуроры Бауыржан Тойбаев.

Қазір ауданда жайылымдық жер мәселесі шешілді. Панфилов ауданына қарасты 14 ауылдық округтің сұранысы қанағаттандырылды. 70 мыңнан астам жер қоғамдық жайылым үшін берілді.  Бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің құжаттары жасалып жатыр. Құжат мәселесі толықтай шешілсе, ауыл тұрғындары малын өріске емін-еркін жібереді.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago