Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың парламенттен кетуін талап етті.
6 сәуірде Тараз қалалық №2 сотында Жигули Дайрабаевтың 2 ұлы субсидияға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін сотталғаны белгілі болған. Мемлекетке 550 млн теңге зиян келтірген Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалықты 5 жылға шартты түрде бостандығын шектеген.
Яғни олар сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттері үшін мемлекеттік субсидиялар алған, әрі бір бөлігі алаяқтық жолымен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Алайда сотталушылар кінәлерін мойындамаған.
Жигули мырза, екі бірдей ұлдарыңыз мемлекеттің (халықтың) 550 млн тг ақшасын жеп ұрлап кетті. Ол өзіңіз үнемі мемлекеттен сұрап жүрген а\ш субсидия еді. Енді сіздің халық атынан депутат болып Мәжілісте отырудың моральдік хақыңыз жоқ.
Сол үшін сіз, арыңыз болса, өз еркімен отставкаға кетуіңіз керек! Демалыңыз!,
деп жазды Тайжан өзінің facebook парақшасында.