Categories: Қоғам

Демалыс орнына клиентті өз тамағымен кіргізбеу — заңбұзушылық

ҚР Сауда министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде демалыс орындарына тағамдармен және сусындармен кіргізбеу заңды ма, деген сұраққа жауап берді.

Көп жағдайда демалыс орындарының «өз тамағыңмен және сусыныңмен кіруге болмайды» деген ішкі ережелері болады. Алайда, комитеттің айтуынша, мұндай талап қою — заңсыз.

Заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып саналады және оны ешкім шектей алмайды (ҚР Конституциясының 26-бабы 1 және 3 бөліктері),

дейді Комитеттің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов.

Оның айтуынша, чекпен расталған кіру билетін сатып ала отырып, жеке тұлға мен қызмет ұсынушы арасында шарт жасалады (ҚР АК 394-бабы), бұдан кейін адам өзінің тамағы мен сусынын алып кіруіне құқығы бар.

Сонымен қатар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 8-1-б. 2-т. 3) тт. сәйкес тұтынушыға демалыс аймағына оның ішіңде тамақ пен сусынның болуына байланысты кіруге тыйым салуға жол берілмейді, өйткені бұл әрекет тұтынушыны оның аумағында тамақ пен сусындарды қосымша сатып алуға мәжбүрлеу болып саналады.

Мұндай шектеулер ауызша немесе жазбаша болсын, жарамсыз, өйткені олар заңның жоғарыда аталған бабында жазылған.

Заңның 24-бабы, 3-тармақшасына сәйкес, кәсіпкер тұтынушыға демалыс аймағының аумағына қолда бар және заңды түрде сатып алынған, әдеп қағидаларын бұзбайтын барлық мүлкімен еркін кіруді қамтамасыз етуі міндетті, әсіресе мұндай тауарлар демалыс орнының аумағында сатылса, мұндай тыйым салуға жол берілмейді.

Баяндалған құқық бұзушылықтың құрамы болған кезде тұтынушы ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-бөлігі бойынша жосықсыз кәсіпкерді жауапкершілікке тарту үшін БҚДА аумақтық департаментіне тікелей жүгіне алады, оған сәйкес 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген немесе осы мәселе бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіруші ретінде консультация және құқықтық көмек алу үшін СИМ-ның аумақтық СжТҚҚД жүгінуге болады.

Комитет өкілі тұтынушы басқа кәсіпкерлерден сатып алған тамақ пен сусындарды пайдалануға тыйым салу демалыс аймағының бәсекелестікке қарсы әрекеті болып саналатынын атап өтті (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 177-б. 1-т., 2-т. 6) және 8) тт.).

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

5 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

12 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

12 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

12 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago